Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су ресурстары министрлігінде «Нұр Отан» ХДП бастауыш партия ұйымының жиналысы туралы

2014 жылдың 25 маусымында Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су ресурстары министрлігінде «Нұр Отан» ХДП астаналық «Бірлік»  филиалының «Экология» бастауыш партия ұйымының ашық жиналысы өтті.
Жиналысты бастауыш партия ұйымының төрағасы – ҚР ҚОСРМ жауапты хатшысы Анатолий Дерновой жүргізді.
Басқосу барысында Еуразиялық интеграция институтының экономикалық зерттеулер бөлімінің меңгерушісі Владимир Тельнов «Еуразиялық экономикалық интеграция – бүгіні мен ертеңі» тақырыбындағы баяндама жасады. Л. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетінің профессоры Әуелбек Заурбеков еуразиялық интеграцияның елімізде су ресурстарын басқару процессіндегі маңызы жөніндегі дәріс оқыды.
Еуразиялық экономикалық одақтың даму перспективаларын талқылауға «Қазгидромет» РМК бас директоры Айбек Меңдіғарин, «Қазаэросервис» АҚ президенті Нұрлан Бердалиев, орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің бас сарапшысы Асқар Абдрахманов, Есіл бассейндік инспекциясының басшысы – «Экология» БПҰ сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы – Есенгелді Мейрамов қатысты.
Басқосудың жалғасында министрлік қызметкерлерін марапаттау рәсімі өткізілді. «Мемлекеттік қызмет үздігі» белгісі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Әуесбек Тәутеев пен Орман және аңшылық комитетінің бас сарапшысы Мұратбек Мұжыбаевқа тапсырылды.
Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің бірқатар қызметкері жетім және ата-аналарының қамқорынсыз қалған балаларды қолдауға бағытталған шараны ұйымдастырғандары үшін Ақтөбе облыстық білім беру басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды.
Жиналыс барысында мемлекеттік қызметкердің антын қабылдау салтанаты және «Нұр Отан» партиясының жаңа мүшелеріне партиялық күәліктерді тапсыру рәсімі өтті.
Сонымен қатар, бастауыш ұйымының мүшелері партия мүшелігіне үміткер министрліктің он бес қызметкерінің кандидатураларын жеке қарап, құптады.
Отырыс соңында партиялық билеттердің ауыстырылуы мен мүшелік төлемдердің төлену нәтижелері бойынша есеп тыңдалды.
ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/06/104-77/

0
0
448

Осы тақырып бойынша