Қазақстанда медицина техникаларын жедел тіркеу жүйесі енгізіледі
Бұл шара медицина техникаларын мемлекеттік тіркеу шараларын жетілдіру және медициналық ұйымдардың инновациялық қондырғыларға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданды.
Бұл шара медицина техникаларын мемлекеттік тіркеу шараларын жетілдіру және медициналық ұйымдардың инновациялық қондырғыларға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданды.
Бүгін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар мәселелері бойынша Жоғарғы комиссары Астрид Турспен кездесті.

2014 жылдың 24 маусымында Астанада ҚР қоршаған орта және су ресурстары –Вице-министрі Ерлан Нысанбаевтың төрағалығымен ҚР ҚОСРМ Алқа мәжілісі өтті. Басқосу барысында Қазақстанның су ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру және «Охотзоопром» өндірістік бірлестігі» РМҚК-ның қызметін жақсарту мәселелері талқыланды. Қазақстанның су ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бойынша бірінші кезекте атқарылатын іс-шаралар жөнінде ҚР ҚОСРМ су және биологиялық ресурстар департаментінің директоры Игорь Коваль және Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Болат Бекнияз мәлімдеді. ҚР ҚОСРМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің жануарлар әлемі басқармасының басшысы Бақытбек Дүйсекеев және «Охотзоопром» РМҚК бас директорының орынбасары Жәнібек…
Ертең футболдан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында VII халықаралық «Қазақстан Президенті кубогы» додасы басталады. Дәстүрлі додаға алғаш рет Испания жасөспірімдер құрамасы қатысады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. 25-29 маусым аралығында елордадағы «Астана-Арена» стадионында жетінші рет 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында «ҚР Президенті кубогы» өтеді. Қазақстан футбол федерациясының шақыртуымен бұл додаға бірінше рет Испания U-17 құрамасы қатысады. Дәстүрлі додада биыл алты елдің жас таланттары бақ сынайды. Олар екі топқа бөлінген: «А» тобы: Қазақстан, Грузия, Қырғызстан;«В» тобы: Испания, Әзірбайжан, Тәжікстан. Ойындар күнтізбесі: 25 маусым, сәрсенбі 12:00 Әзірбайжан – Тәжікстан 18:30 Ресми ашылу салтанаты 19:00 Қазақстан – Қырғызстан 26 маусым, бейсенбі 16:00 Грузия – Қырғызста…
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері, чех маманы Мирослав Беранек өз елінде «Славия» (Прага) клубының тізгінін қолына алды, — деп хабарлайдыTengrinews.kz. Прага клубының ресми сайты Мирослав Беранекпен үш жылға келісімшартқа отырғандарын мәлімдеді. Негізі, бұл клуб – Чехияның үш дүркін, ал Чехословакияның тоғыз дүркін чемпионы. Бірақ биыл жанкүйерлерін жасытып, Чехия чемпионатының жоғары тобындағы 16 клубтың ішінде 13-орынмен шектелді. Тіпті екінші лигаға түсіп қала жаздағандай да… Енді бұл клуб Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкеріне сенім артып отыр. Бұл орайда Мирослав Беранектің өзі: – Мен «Славияның» қайтадан Еурокубок додаларында өнер көрсеткенін қалаймын. Ол үшін команданың ойын өрнегін жетілдіріп, шүмектетіп тер төгу қажет. Мен әрбір ойыншыдан аянб…
«Футболдан Бразилияда өтіп жатқан әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне жолдама үшін болған шешуші кездесуде Уругвай құрамасы Италия командасын қапы қалдырды» деп мәлімдейді Tengrinews.kz Vesti.kz ақпарат құралына сілтеме жасап. Наталадағы «Арена дас Дунас» стадионында өткен D тобындағы аталмыш ойында уругвайлықтар италиялықтарды 1:0 есебімен ұтты. Кездесудегі жалғыз голды ойынның 81-ші минутында Диего Годин соқты. Осы жеңістен кейін алты ұпай олжалаған Уругвай құрамасы өз тобында екінші орын иеленіп, сайыстың плей-офф кезеңіне шықты. Үш ұпай жинаған италиялықтар еліне оралуға мәжбір. Сонымен қатар, D тобында Англия мен Коста-Рика құрамалары да өзара күш сынасты. Белу-Оризонтадағы «Минейро» сталионында өткен ойын тең аяқталды. Нәтижесінде жеті ұпаймен өз тобында көш бастаған Коста-Рика чем…
«Норвегиялық жаңкүйер Бразилияда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі кездесуде Уругвай құрамасының шабуылшысы Луис Суарес Италия командасы ойыншыларының бірін тістейді деп болжам жасап, бәс тіккен» деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости ақпарат құралына сілтеме жасап. Мұндай болжам үшін норвегиялық букмекерлік контора 175 коэффициент белгілеген. Жанкүйердің ұтысы 5600 норвегия кроны (916 доллар). D тобындағы бұл ойын 1:0 есебімен уругвайлықтардың пайдасына шешілді. Кездесу барысында Луис Суарес Италия құрамасының қорғаушысы Джорджо Кьеллиниді тістеп алды. Бұған дейін «Ливерпуль» намысын қорғап жүрген Суаресті «Челси» командасының қорғаушысы Бранислав Ивановичті тістеп алғаны үшін Англия Футбол ассоциациясы он ойыннан шеттеткен болатын. Айта кетерлігі, бұл ӘЧ-2014…
Бразилияда өтіп жатқан әлем чемпионатының топтық қорытынды кезеңінің матчында Уругвай құрамасының шабуылшысы Луис Суарес италиялық қорғаушыны тістеп алғаны үшін екі жылға дисквалификациялануы мүмкін, — деп хабарлайдыTengrinews.kz Vesti.kz-ге сілтеме жасап. ФИФА бұл даулы эпизодты тексеретінін мәлімдеді. Ұйымның вице-президенті Джим Бойс Суареске қатысты шара қолдану қажеттігін алға тартты. «Мен осы сәтті теледидардан бірнеше рет көрдім. Сөз жоқ, Луис Суарес — тамаша футболшы, бірақ оның бұл әрекеті өте қатал сынға лайық. ФИФА осы жағдайды өте жіті тексеріп, тәртіпке шақыратындай тиісті шара қолданғаны жөн», — деді ол. ФИФА-ның Тәртіп кодексіне сәйкес, Суарестің бұл әрекеті қатаң жазалануы тиіс. Ол 24 матчқа қатысу құқығынан айырылуы мүмкін немесе екі жыл бойы ойыннан шеттетіледі. Айта кет…
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының Бірыңғай байланыс-орталығы мен «ХҚКО»РМК филиалдарының Мүмкіндігі шектеулі адамдардың үйіне барып мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөнінде өзара іс –қимыл жасаудың бекітілген регламентімен Жамбыл аудандық Халыққа Қызмет Көрсету Орталығының қызметкерлері танысып жұмыстар жасауда.Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі азаматтар үйде отырып –ақ қажетті мемлекеттік қызметтерге біріңғай байланыс орталығының 1414 нөміріне хабарласу арқылы қол жеткізе алады. Бірыңғай байланыс орталығына хабарласу барлық байланыс операторлары үшін тегін. Бұдан басқа,біріңғай байланыс –орталығы арқылы 1 және 2 санаттағы мүгедектігі бар адамдардан ғана өтініштер қабылдау бөлігінде «ресепшнде»азаматтарға дұрыс кеңес беріп жатырмыз.Бірыңғай байланыс орталығын…
ҚазАқпарат – Қазақстанда еріген қар суын жинайтын 30 су қоймасы салынады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен конференцияда ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Болат Бекнияз айтты. Оның айтуынша, мемлекеттік бағдарлама аясында жасалып жатқан бұл шара “бір оқпен екі қоянды атып алғанмен” бірдей, бір жағынан халықты тасқын судың зардабынан құтқарса, екінші жағынан өңірдегі егістікті жазда суаратын сумен қамтамасыз етеді. «Мемлекет қарауындағы су қоймалары бар өңірлерде төтенше жағдайлар орын алмады деуге де болады. Өйткені біз ол суды су қоймалары арқылы реттеп отырамыз. Ал ондай құрылыстар жоқ жерде табиғатқа байланысты болады. Мәселен Жайық өзенінде су қоймалары өте аз, сондықтан көктем кезінде біз оның тасуын ауыздықтай алмаймыз. О…