Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қаржы полициясы академиясы курсантарының 13-шығарылымы

2014 жылғы 25 маусымда Астана қаласы «Отан ана» алаңында Қаржы полициясы академиясының 13-ші шығарылым түлектеріне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Осы күні «Заңтану», «Құқық қорғау қызметі» және «Кеден ісі» мамандықтары бойынша білім алған Академияның 112 тындаушысы қаржы полициясы және кеден қызметі офицерлерінің қатарына қосылды.

Курсанттарға ізгі құттықтаулары мен кәсіби қызметте жылы тілектерін Қаржы полициясы академиясы бастығының орынбасары Р. Қарымсақов және түлектердің ата-аналарының атынан Н. Әубәкіров білдірді.

Академия түлегі Н. Әбдешев алған білімдері үшін ұстаздарына алғысын білдіріп, өз курстастарына экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмысында жетістіктер тіледі. Сонымен қатар, әр бір жас офицердің өз құқықтық тәртібін нығайту ісіне елеулі үлесін қосуына сенімдігін білдірді.

Түлектерге, сондай-ақ қонақтар мен тыңдаушылардың ата-аналары назарына салтанатты шеру, әскери дайындық көрсетілімі мен тактикалық жаттығулар ұсынылды. Соңында, дәстүр бойынша Академия тыңдаушылары қоштасу бал биін орындады.

Сонымен қатар, қонақтар назарына ҚР Ішкі істер министрлігінің ішкі әскери «Ұлан» оркестрі әртүрлі композицияларды орындау арқылы музыкалық шеберлігін көрсетті.

15 жыл ішінде Академияны 1351 түлек аяқтады. Ағымдағы оқу жылында 510 білім алушы бағдарламаларды игеруде, оның 479 - тыңдаушылар, 22 - магистрант және 8 - докторант құрайды және олар күндізгі оқыту бөлімінде білім алады.

Бұдан басқа ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) мен Тәжікстан және Қырғызстан Республикасы арасындағы өзара келісім-шарт аясында қазіргі уақытта Академияда Тәжік елінен 15, ал Қырғызстаннан 5 тыңдаушы білім алуда.

 
0
0
937

Осы тақырып бойынша

Қаржы полициясы академиясы курсантарының 13-шығарылымы - Yvision.kz