Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Уимблдон турнирінде З.Дияс келесі айналымға шықты

Бүгін Уимблдон турнирінде қазақстандық теннисші Зарина Дияс франциялық Кристина Младеновичті ұтты.

www.championat.com сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Зарина қарсыласын 7:6, 6:4 есебімен тізе бүктірді. Келесі айналымда қазақ қызы әлемдік рейтингте өзінен әлдеқайда жоғары тұрған испаниялық теннисші Карла Суарес-Наварромен шеберлік байқасады.

Мұның алдында Қазақстанның бірінші ракеткасы Ярослава Шведова чехиялық Кристина Плишкованы үш партияда ұтқан болатын. Оның ендігі қарсыласы — эстониялық Кайя Канепи.

Басты сөздер: Спорт
ОРАЛ. ҚазАқпарат -
 
0
0
156

Осы тақырып бойынша

Уимблдон турнирінде З.Дияс келесі айналымға шықты - Yvision.kz