Мазмұнға өту

Жаңа

Құрметті табиғат пайдаланушылар! ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 151-Ө «Парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының...

Құрметті табиғат пайдаланушылар! ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 151-Ө «Парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының (ҚР ҚОСР Министрінің м.а. 2014 жылғы 28 ақпандағы № 69-ө бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) 9-тармағына сәйкес квота бірліктерінің қолданыста және айналымда болу мерзімі 2014 жылдың 8 тамызында аяқталатындығын хабарлаймыз Құрметті табиғат пайдаланушылар! ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 151-Ө «Парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының (ҚР ҚОСР Министрінің м.а. 2014 жылғы 28 ақпандағы № 69-ө бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілге…

0
0
279

Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясы «Қазақтелеком» АҚ 20-жылдық мерей тойын атап өтті / Восточно-Казахстанская ОДТ отметила 20-летие АО «Казахтелеком»

Мерей той аясында Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясы қала және аудан тұрғындары үшін сыйлықтар ұтысын, концерттік бағдарлама, кітап және көшпелі көрмесін, талшықты-оптика желісін дәнекерлеуді және «Id TV» мен «Id Phone» қызметтерін демонстрациялауды, сондай-ақ, облыстық дирекцияның тарихына арналған экспонаттар көрмесін ұйымдастырды. «Қазақтелеком» АҚ 20-жылдығында Шығыс Қазақстан ОТД қарқынды даму үстінде. Бекітілген телефон желіжолының жалпы саны 390 мыңнан асты. Аналогты АТС-тан цифрлы станцияларға көшу Өскемен және Риддер қалаларында, сондай-ақ Бородулиха, Жарма, Зайсан, Зырян, Глубокое, Ұлан мен Тарбағатай аудандарында 100 пайызға жетті. Осы жылдың соңына дейін 100 пайыздық деңгейге Семей қаласы мен Бесқарағай ауданын қосу да жоспарда бар. 110 мыңнан аса абонент Инт…

1
0
4914

Қаржы полициясы қылмыстық өндірістің жаңа моделіне көшуге дайындалуда

Қылмыстық өндірістің жаңа моделіне көшуге жарты жыл уақыт қалды.

Ол туралы ҚР ЭСЖКД Төрағасы Рашид Түсіпбеков Алматы қаласындағы ведомствоның көшпелі алқа жиын отырысында айтты.

Ол сотқа дейінгі өндірістің жүйесі түбегейлі өзгеретінін атап өтті. Тергеуге деінгі тексерістер жойылады. Тергеушілердің өкілеттігі кеңейтіледі.

«Бір басқармада тергеушілер мен жедел қызметкерлерді біріктіріп, бірлескен жұмыстарын ұйымдастырып, біз алдын ала қызметкерлерді жаңа жағдайға дайындадық.

Бірақ осымен тоқталып қалмай, аталған жұмысты жалғастару керек. Барлық жаңа құбылыстарға біз дайын болуымыз қажет» - деді Рашид Түсіпбеков.

Қаржы полициясының барлық бөлімшелерінің басшыларына жергілікті жерлерде жаңа Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстерін зерделеуді ұйымдастыру бойынша тапсырма берілді.

0
0
373

Қаржы полициясы агенттігі ведомствоның көшпелі алқа отырысын өткізді

Агенттікпен жүйелі түрде қызметінің барлық негізгі бағыттары бойынша жетілдіруді жалғастыруда. Бұл туралы бұгін ҚР ЭСЖКА Төрағасы Рашид Түсіпбеков ведомствоның 2014 жылдың 6 айдың қорытындысы бойынша алқа отырысының ашылуында айтты. Оның айтуынша, қабылданған шаралар өз нәтижесін бере бастады. Сондай-ақ 6 айда анықталған барлық қылмыстардың үштен бір бөлігі ауыр және аса ауыр қылмыстардың категориясына жатады. Ахуалдық орталықтың жұмысы шеңберінде 300-ге жуық қылмыс бастапқы сатысында тоқтатылды және мемлекетке 13 млрд теңге залал келтірудің жолы кесілді. Жыл басынан бастап мемлекетке 17,5 млрд теңге қайтарылды. Өзінде тергеу мен жедел қызметкерлерді біріктірген сотқа дейінгі өндірісін жетілдіру үшін қабылданған шаралардың нәтижесінде тергеудің сапасы артқан. Арыздар мен хабарламаларды же…

0
0
233

Іс қағаздарын жүргізудегі мемлекеттік тілдің қолданылуы

Қазақстан Республикасы Әскери сотында «Іс қағаздарын жүргізудегі мемлекеттік тілдің қолданылуы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел Қорғаныс министрлігі, Алматы қаласының тілді дамыту басқармасы, Бас прокаратура, ІІМ министрлігі, Адвокаттар алқасының өкілдерінің қатысуымен өтті.

http://sud.gov.kz/kaz/news/kagazdaryn-zhurgizudegi-memlekettik-tildin-koldanyluy

0
0
554

ӘЧ-2014: Португалия ганалықтарды тiзе бүктіргенiмен, 1/8 финалға шыға алмады

Бүгiн Бразилияда футболдан әлем чемпионатында Португалия құрамасы Гананы 2:1 есебiмен тiзе бүктiрдi.

30-шы минутта Бойе португалдықтардың алғашқы голын салды. Дегенмен 57-ші минутта Асамоа Гьян есептi теңестiрдi. Матчтың 80-ші минутында Криштиано Роналду мундиальдағы алғашқы голын салып, өз құрамасын алға шығарды.

G тобында Португалия мен Гана топтан шыға алмады. 7 ұпай жинаған Германия мен 4 ұпайға ие болған АҚШ 1/8 финалға жолдама алды.

 
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
188

Бүгін «Қазақстан барысының» палуандары «Хан Шатырда» жанкүйерлерімен жүздеседі

Бүгін елордадағы «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығында «Қазақстан барысы» турнирінің ақтық сайысына қатысушылардың салмағын өлшеу рәсімі өтеді. Бұл туралы шараны ұйымдастырушылар хабарлайды. «Барлық жанкүйерлерімізді 27 маусым күні сағат 19:00-де «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығына шақырамыз. Бұл жерде «Қазақстан барысы» ақтық жекпе-жегіне қатысушылардың салмағын өлшеу рәсімі өткізіледі. Келіңіздер, палуандарымызбен жүздесіңіздер», — делінген хабарламада. Спортшылармен кездесуден соң көрермен қауым «Алдаспан» тобының өнерін тамашалай алады. Айта кетейiк, 2011 жылдан берi өткiзiлiп келе жатқан ұлттық жоба халықтың сүйiктi турнирлердiң бiрiне айналды. Былтыр доданың жеңiмпазы болып Шығыс Қазақстан облысының өкiлi Айбек Нұғымаров атанған болатын. Биыл турнирдiң бас жүлдесiне 28 палуан…

0
0
666

З.Дияс әлемнің 15-інші ракеткасын ұтты

Бүгін Уимблдон турнирі қазақстандықтар үшін сәтті болды.

Әлемдік рейтингте 72-орында тұрған жиырма жасар қазақ қызы Зарина Дияс 15-сатыдағы испандық теннисші Карла Суарес-Наварроны үш партияда (7:6, 5:7, 6:2) жеңіп, үшінші айналымға шықты. Бұл, сөз жоқ, Зарина үшін үлкен табыс. Енді ол жарақатынан кейін қайта оралған ресейлік Вера Звонарева немесе хорватиялық 1996 жылғы Донна Векичтің біреуімен кездеседі.

Осының алдында тағы бір қазақстандық Ярослава Шведова (65-орын) әлемдік рейтингте 42-орындағы эстон қызы Кайя Канепиді үш партияда тізе бүктірген болатын. Ярослава үшінші айналымда чехиялық Клара Кукалова немесе американдық Мэдисон Кистің қай жеңгенімен кортқа шығады.

Басты сөздер: ӘлемСпорт
ОРАЛ. ҚазАқпарат
0
0
247

ӘЧ-2014: Германия АҚШ құрамасын жеңiп, плей-оффқа өттi

Бүгiн Бразилияда футболдан әлем чемпионатында Германия құрамасы АҚШ-ты 1:0 есебiмен тiзе бүктiрiп, плей-офф сынына өттi.

Ойындағы жалғыз голды 55-ші минутта Мюллер салды. Осы жеңiсiнен кейiн «немiс машинасы» G тобында бiрiншi орын алып, 1/8 финалға өттi.

4 ұпайы болған АҚШ екiншi орынмен финалдық кезеңдерге жолдама алды.

Ал Португалия мен Гана жарыстан тыс қалып отыр.

 
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
214

ӘЧ-2014: Кәрiс футболшыларын ұтқан Бельгия 1/8 финалға шықты

Бүгiн Бразилияда футболдан әлем чемпионатында Бельгия құрамасы Оңтүстiк Корея футболшыларын 1:0 есебiмен тiзе бүктiрдi.

Ойындағы жалғыз голды Ян Вертонген матчтың 77-ші минутында салды.

Осы жеңiсiнен кейiн 9 ұпай жинаған Бельгия Н тобында бiрiншi орын алып, плей-оффқа шықты. 4 ұпай еншiлеген Алжир екiншi орынмен 1/8 финал жолдамасына ие болды. Ал Ресей мен Оңтүстiк Корея мундиальдағы жарысты аяқтады.

 
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
235