Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ӘЧ-2014: Кәрiс футболшыларын ұтқан Бельгия 1/8 финалға шықты

Бүгiн Бразилияда футболдан әлем чемпионатында Бельгия құрамасы Оңтүстiк Корея футболшыларын 1:0 есебiмен тiзе бүктiрдi.

Ойындағы жалғыз голды Ян Вертонген матчтың 77-ші минутында салды.

Осы жеңiсiнен кейiн 9 ұпай жинаған Бельгия Н тобында бiрiншi орын алып, плей-оффқа шықты. 4 ұпай еншiлеген Алжир екiншi орынмен 1/8 финал жолдамасына ие болды. Ал Ресей мен Оңтүстiк Корея мундиальдағы жарысты аяқтады.

 
АСТАНА. ҚазАқпарат
 
0
0
228

Осы тақырып бойынша

ӘЧ-2014: Кәрiс футболшыларын ұтқан Бельгия 1/8 финалға шықты - Yvision.kz