ӘЧ-2014: Германия АҚШ құрамасын жеңiп, плей-оффқа өттi
Бүгiн Бразилияда футболдан әлем чемпионатында Германия құрамасы АҚШ-ты 1:0 есебiмен тiзе бүктiрiп, плей-офф сынына өттi.
Ойындағы жалғыз голды 55-ші минутта Мюллер салды. Осы жеңiсiнен кейiн «немiс машинасы» G тобында бiрiншi орын алып, 1/8 финалға өттi.
4 ұпайы болған АҚШ екiншi орынмен финалдық кезеңдерге жолдама алды.
Ал Португалия мен Гана жарыстан тыс қалып отыр.
Автор: Жасұлан Жолдыбаев 

Басты сөздер: Футболдан Әлем чемпионаты-2014 , Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат

