Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қаржы полициясы агенттігі ведомствоның көшпелі алқа отырысын өткізді

Агенттікпен жүйелі түрде қызметінің барлық негізгі бағыттары бойынша жетілдіруді жалғастыруда.

Бұл туралы бұгін ҚР ЭСЖКА Төрағасы Рашид Түсіпбеков ведомствоның 2014 жылдың 6 айдың қорытындысы бойынша алқа отырысының ашылуында айтты.

Оның айтуынша, қабылданған шаралар өз нәтижесін бере бастады.

Сондай-ақ 6 айда анықталған барлық қылмыстардың үштен бір бөлігі ауыр және аса ауыр қылмыстардың категориясына жатады.

Ахуалдық орталықтың жұмысы шеңберінде 300-ге жуық қылмыс бастапқы сатысында тоқтатылды және мемлекетке 13 млрд теңге залал келтірудің жолы кесілді.

Жыл басынан бастап мемлекетке 17,5 млрд теңге қайтарылды.

Өзінде тергеу мен жедел қызметкерлерді біріктірген сотқа дейінгі өндірісін жетілдіру үшін қабылданған шаралардың нәтижесінде тергеудің сапасы артқан.

Арыздар мен хабарламаларды жедел қарастыру сақталған - 70% астамы 10 тәулікке дейін қарастырылады.

«Жүйелі шаралар мен бақылауды қатайтудың арқасында қылмыстық істердің есепке алуының айқындығына қол жеткіздік»,- деді Рашид Түсіпбеков.

 
0
0
226

Осы тақырып бойынша

Қаржы полициясы агенттігі ведомствоның көшпелі алқа отырысын өткізді - Yvision.kz