Мазмұнға өту
askerkanov

Бейбит Аскерканов

@askerkanov

Сайтта 2013 ж. 28 ақпанКазахстан, Усть-Каменогорск

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

121

пікірлер

0

тіркелуші

5

жазылымдар

6

Шығыс Қазақстан ОТД Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған салтанатты жиналыс өтті

Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын мерекелеу қарсаңында Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясының қызметкері Татьяна Солтык «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» төсбелгісімен марапатталды. 2015 жылдың 28 тамызында Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясында Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған салтанатты жиналыс өтті. Сөз кезегінде Бас директор Ермек Қуанышбеков, облыстық телекоммуникация дирекциясының барлық қызметкерлерін Қазақстан Республикасының Ата Заңының қабылданған күнімен құттықтап, ортақ іске деген шынайы ықыласын, кәсіпорындағы жемісті еңбектері үшін алғысын білдірді. - «Міне, Қазақстан Республикасының Ата Заңын қабылдаған күннен бастап 20 жыл өтті. Конституция – демократиялық, құқықтық қоғамды, азаматтардың бост…

0
0
624

Курчатов, Аягөз қалаларында және Шүлбі кентінде «Әмбебап нөмір» қызметі пайдалануға берілді

«Әмбебап нөмір» қызметі Курчатов, Аягөз қалаларының және Шүлбі кентінің тұрғындары үшін қолжетімді. «Әмбебап нөмір» қызметі бір SIM-картада қалалық және ұялы нөмірді және жылдамдығы жоғары ALTEL4G Интернетін біріктіреді. Аталмыш топтама аясында абоненттерге күн сайын Қазақстан Республикасы бойынша қалалық және ауылдық нөмірлерге, «Алтел» желісі ішінде ұялы нөмірлерге тегін қоңыраулар жасау, сондай-ақ күн сайын «Алтел» желісі ішінде тегін SMS-хаттар мен 4G жоғары жылдамдықты ұтқыр Интернет қызметі ұсынылады. Қызмет тегін қосылады. Ай сайынғы абоненттік төлемақы 1990-нан 3990-ға дейін. «Әмбебап нөмір» топтамасы үшін төлемақыны айдың соңында бірыңғай шот бойынша жүргізуге, сөйтіп байланысқа жұмсалатын жалпы шығындарды бақылауға болады. «Әмбебап нөмір» пайдаланымға енгізілген сәттен Курчатов,…

0
0
719

Шығыс Қазақстан ОТД-да жазғы көпсайыстан облыстық жарыс өтті

Өскеменде Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясының қызметкерлері арасында XV жазғы көпсайыс бойынша облыстық спартакиада өтті. Жарысқа іріктеу сайыстарында жоғарғы нәтижелерге қол жеткізген аудандық, қалалық өндірістік телекоммуникация тораптарының, бас аппараттың қызметкерлері қатысты. Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясы дене шынықтыру мен спортқа ерекше мән береді. Дирекциясының спорт және жаттығу залдары бар. Мұнда әрбір қызметкер аптасына үш рет жұмыстан кейін спортпен айналыса алады. Сондықтан да болар жыл өткен сайын салалық спартакиада қызметкерлер, әсіресе жастар арасында ерекше танымалдыққа ие болуда. Өйткені спорт салауатты өмір салтын қалыптастырып, ішкі рухани тәртіпті шыңдай түседі. Жазғы көпсайыстық мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, қы…

0
0
872

Шығыс Қазақстан ОТД-да жазғы көпсайыс бойынша жарысы өтті

2015 жылдың 15 тамызында Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясы бас аппаратының қызметкерлері арасында жазғы көпсайыстан ХV спартакиада өтті. Жарысқа 24 қызметкер қатысты. Жазғы көпсайыс - салауатты өмір салтын насихаттау, Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясының қызметкерлерін дене шынықтыру, спортпен айналысуға тарту мақсатында өткізіледі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, облыстық жарыстардың нәтижесі бойынша ең үздік қызметкерлер анықталғаннан кейін көпсайыстан республикалық жарысқа қатысу үшін Шығыс Қазақстан ОТД-сының құрама командасы жасақталады. Ерлер командасы арасындағы жарыс қорытындысы бойынша бірінші және екінші орынды Телекоммуникация желілерін дамыту цехының электромонтерлері М. Естаев пен М. Қадесов өзара бөліссе, үшінші орынды Же…

0
0
1430

«Қазақтелеком» телекоммуникация қызметтеріне комиссиясыз төлеу мүмкіндігін ұсынады

«Қазақтелеком» АҚ абоненттері telecom.kz порталы арқылы комиссиясыз он-лайн телекоммуникация қызметтеріне төлеу мүмкіндігін алды. «Қазақтелеком» компаниясы абоненттерге қызмет көрсетуді және ұсынылатын қызметтердің сапасын жоғарлату мақсатында, кері байланыс жүйесін тиімді етіп және телекоммуникация қызметтеріне онлайн тәртібінде telecom.kz порталында коммиссиясыз төлеу мүмкіндігін жасады. Шығыс Қазақстан облысының қала мен аудандарындағы «Қазақтелеком» АҚ желілік сервис пункттерінде абоненттер үшін сайттың басқа функциялары жөнінде абоненттерге компанияның қызметкерлерімен кеңес беру бойынша таныстыру нүктелер ұйымдастырылды. Бүгінгі күні облыстың 500-ден астам тұрғыны қызметтер, портал функциялары, «Қазақтелеком» АҚ қызметтеріне төлемдерді telecom.kz порталы арқылы банктердің төлем карт…

0
2
976

Шығыс Қазақстан ОТД басшылығы Ұлы Отан соғысының ардагерлерін және тыл еңбеккерлерін құттықтады.

Ұлы Отан соғысының 70-жылдық мерейтойын атап өту қарсаңында Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникациясы дирекциясының басшылығы ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін құттықтап, оларға мерекелік медальдарды табыс етті. Салтанатты іс-шараға облыстық телекоммуникация дирекциясында соғыс жылдарынан кейінгі уақытта және компанияның құрылу кезеңінде еңбек еткен 30-дан аса тыл еңбеккерлері мен зейнеткерлер қатысты. Өз сөзінде Э. Еспенбетов ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтап, олардың ерен ерлігі мен жан қиярлық еңбектері үшін алғыс білдіріп, зор денсаулық, ұзақ өмір тіледі. Тыл еңбеккерлері құттықтауды ықыласпен қабылдап, ШҚ ОТД тарапынан жасалынып жатқан шынайы қолдау мен көмек мереке күні ғана емес, басқа уақыттарда да көрсетіліп жататынына ризашылықтарын білдірді. Іс-шара барысында тыл еңбек…

0
0
749

Шығыс Қазақстан ОТД-да лицей оқушылары үшін экскурсия өткізілді

Шығыс Қазақстан ОТД-да лицей оқушылары үшін экскурсия өткізілді Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясына дарынды балаларға арналған мамандандырылған №34 мектеп-лицейінің оқушылары келді. Оқушылар компанияның қызметімен, жаңа технология түрлерімен және «Қазақтелеком» АҚ ұсынытын қызмет түрлерімен танысты. Экскурсия барысында №34 мектеп-лицейінің оқушылары 2013 жылдың аяғында ашылған техникалық қызметкерлерді теориялық және тәжірибелік дағдыларын жетілдіріп оқытуға арналған Шығыс Қазақстан ОТД оқыту-машықтану полигонында болды. Компания қызметкерлері экскурсанттарға «iD TV Online», «Әмбебап нөмір», «Ата-ана бақылауы», «Бағдарламаны жалға беру» және енгізіліп жатқан басқа жаңа технологиялар мен қызметтер туралы айтты. Полигон аумағында оқушылар байланыс желіжолдары құдықтарын,…

0
0
551

Шығыс Қазақстан ОТД байланыс ардагерлерін «Қазақтелеком» АҚ 20-жылдығына арналған төсбелгісімен марапаттады / В Восточно-Казахстанской ОДТ нагрудным знаком «20 лет АО „Казахтелеком“ наградили ветеранов связи

Шығыс Қазақстан ОТД-да «Қазақтелеком» АҚ 20-жылдығына арналған төсбелгісімен облыстық телекоммуникация дирекциясының еңбегі сіңген байланыс ардагерлері Альберт Безаевті, Александр Дьяченконы және Бас директор Эрнест Еспенбетовті марапаттады. Шығыс Қазақстан облымтық телекоммуникация дирекциясының Бас директоры Эрнест Еспенбетов байланыс саласының құрметті ардагерлері Альберт Иванович Безаев пен Александр Сергеевич Дьяченкоға мерейтойлық төсбелгіні салтанатты түрде табыстап, көп жылғы сүбелі еңбегі үшін алғысын айта келе «Қазақтелеком» АҚ өсіп-өркендеуі жолындағы көп жылдар бойғы еңбектеріне алғысын білдірді және ардагер байланысшылар монтер, одан әрі инженер, компания басшылығына дейінгі ұзақ еңбек жолын жүріп өткендігін, құрметті демалыста болғандарына қарамастан жас мамандарға өз тәжіри…

0
0
1919

«ID TV» қызметінің пайдаланушылары ушін ПАЙДАЛЫ АҚПАРАТ

«ID TV» қызметі телеарналарының өңірлік топтамаларын қосу тәсілі туралы АҚПАРАТ» Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясы 2014 жылдың қыркүйегінен бастап қолданысқа енген «ID TV» қызметі телеарналарының өңірлік топтамаларын қосу тәсілі туралы хабардар етеді. Өңірлік телеарналар топтамасын қосу үшін «Мәзірге» кіріп «Екшеу» - «Жазылу» - «Телеарна» жолдарын таңдап, «Pin-кодты» (құпия сөз – 1111) тергеннен соң «ОК» түймешігін бассаңыз топтамалар тізімі пайда болады. Өзіңізді қызықтырған телеарналар топтамасын таңдағаннан кейін «ОК» түймешігін басып «Мәзір» - «Арналар тізіміне» қайта кіріп өзгерістерді сақтау қажет. Аталмыш әрекеттерді орындағаннан соң «Pin-кодты» (құпия сөз – 1111) жазып, «ОК» түймешігін басу керек. Топтамалар телеарналардың географиялық орналасу аймағына қарай қа…

0
0
1213

«Қазақтелеком» «Әмбебап нөмір» қызметінің топтамасына өзгерістер енгізеді

Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан бастап «Қазақтелеком» АҚ жаңа «Әмбебап нөмір – Премиум» қызметтер топтамасын лимитсіз Интернетпен қоса ұсынатын болады. Сонымен қатар «Әмбебап нөмір – Базалық» және «Әмбебап нөмір – Стандарт» топтамаларының қызметтері де мейілінше жақсартылады.

Атап айтқанда «Әмбебап нөмір – Базалық» топтамасы 1 Гбайт трафик көлемінде Интернет желісіне қатынау қызметімен толықтырылса, «Әмбебап нөмір - Стандарт» топтамасында Интернет трафик 0,5 Гбайттан 5 Гбайтқа дейін көбейтілмек.

Қосымша ақпаратты «160» нөмірі бойынша, www.telecom.kz сайтынан, «Қазақтелеком» АҚ сервис желісі пункттерінен алуға болады.

0
0
551