Қаржы полициясы қылмыстық өндірістің жаңа моделіне көшуге дайындалуда
Қылмыстық өндірістің жаңа моделіне көшуге жарты жыл уақыт қалды.
Ол туралы ҚР ЭСЖКД Төрағасы Рашид Түсіпбеков Алматы қаласындағы ведомствоның көшпелі алқа жиын отырысында айтты.
Ол сотқа дейінгі өндірістің жүйесі түбегейлі өзгеретінін атап өтті. Тергеуге деінгі тексерістер жойылады. Тергеушілердің өкілеттігі кеңейтіледі.
«Бір басқармада тергеушілер мен жедел қызметкерлерді біріктіріп, бірлескен жұмыстарын ұйымдастырып, біз алдын ала қызметкерлерді жаңа жағдайға дайындадық.
Бірақ осымен тоқталып қалмай, аталған жұмысты жалғастару керек. Барлық жаңа құбылыстарға біз дайын болуымыз қажет» - деді Рашид Түсіпбеков.
Қаржы полициясының барлық бөлімшелерінің басшыларына жергілікті жерлерде жаңа Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстерін зерделеуді ұйымдастыру бойынша тапсырма берілді.
