ӘЧ-2014: Португалия ганалықтарды тiзе бүктіргенiмен, 1/8 финалға шыға алмады
Бүгiн Бразилияда футболдан әлем чемпионатында Португалия құрамасы Гананы 2:1 есебiмен тiзе бүктiрдi.
30-шы минутта Бойе португалдықтардың алғашқы голын салды. Дегенмен 57-ші минутта Асамоа Гьян есептi теңестiрдi. Матчтың 80-ші минутында Криштиано Роналду мундиальдағы алғашқы голын салып, өз құрамасын алға шығарды.
G тобында Португалия мен Гана топтан шыға алмады. 7 ұпай жинаған Германия мен 4 ұпайға ие болған АҚШ 1/8 финалға жолдама алды.
Автор: Жасұлан Жолдыбаев 

Басты сөздер: Спорт , Футболдан Әлем чемпионаты-2014
АСТАНА. ҚазАқпарат

