Мазмұнға өту

Жаңа

ӘЧ-2014: Германия пентакампеондарды 5:0 есебiмен жеңiп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгiн Бразилияда өтiп жатқан футболдан әлем чемпионатының жартылай финалдық бәсекесiнде Бразилия Германия құрамасынан 0:5 есебiмен жеңiлiп жатыр. Белу-Оризонти қаласындағы «Минерау» стадионында өтiп жатқан бас айналдырар матчтың небәрi 30 минуты iшiнде германиялықтар 5 гол тоғытып кеттi. Стадиондағы бразилиялық жанкүйерлер ойыннан еш үмiт күтпей, орындарын тастап кетуде. Гол авторлары: Томас Мюллер (11 минут), Мирослав Клозе (23 минут), Тони Кроос (23 және 24-ші минуттарда), Сами Хедира (29 минут). Қазiр бiрiншi тайм аяқталуға жақын. Айта кетейiк, бұл кездесуде бразилиялықтардың көшбасшысы Тиагу Силва мен команданың үздiк шабуылшысы Неймар алаңға шыға алмаған болатын. Бұл ойында Мирослав Клозе әлем чемпионаттарында 16-шы голын салып, әлемдiк рекордқа қол жеткiздi. Бұн…

0
0
185

ӘЧ-2014: Германия Бразилияны 7:1 есебiмен ойсыратып, финалға шықты

Бүгiн Бразилияда өтiп жатқан футболдан әлем чемпионатының жартылай финалдық бәсекесiнде Бразилия Германия құрамасынан 1:7 есебiмен жеңiлiс тапты. Белу-Оризонти қаласындағы «Минерау» стадионында өткен матчтың небәрi 30 минуты iшiнде германиялықтар 5 гол тоғытып, алаң иелерiн меңiреу кейiпке түсiрдi. Гол авторлары: Томас Мюллер (11-ші минут), Мирослав Клозе (23-ші минут), Тони Кроос (24 және 26-шы минуттарда), Сами Хедира (29-шы минут). Екiншi таймда Клозенi алмастырған Андре Шюррле дубль авторы атанып, есептi 7:0-ге жеткiздi. Ойынның соңғы минутында бразилиялық ойыншы Оскар өз командасының «жетiм» голын салып, есептi аз да болса қысқарта алды. Айта кетейiк, бұл кездесуге бразилиялықтардың көшбасшысы Тиагу Силва мен команданың үздiк шабуылшысы Неймар алаңға шыға алмаған болатын. Ал Мирослав…

0
0
198

Р Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қызметкерлері арасында «Мемлекеттік тіл — менің тілім» байқауы мәреге жетті.

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қызметкерлері арасында «Мемлекеттік тіл - менің тілім» байқауы мәреге жетті.Аталмыш сайысқа Ақтау, Жаңаөзен, Атырау, Ақтөбе және Орал қаласында орналасқан әскери бөлімдерден алты үміткер - өзге ұлт өкілдері қатысып, төрт кезең бойынша сынға түсті. Бастапқыда олар өздерін таныстырса, одан кейін мақал-мәтел айту, қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын оқу, сахналық көрініс қойып, ән салудан жарысты. Байқау қорытындысында Оралдағы 5517-әскери бөлім қызметкері, аға сержант Александр Тимарин жеңімпаз атанып, Астанада өтетін қорытынды кезеңге жолдама алса, 6655-әскери бөлімнен келген ефрейтор Константин Андриади (Ақтөбе) екінші, 3502-әскери бөлімнің кіші сержанты Жорабек Османов (Ақтау) үшінші орынды иеленді. Оларға «Батыс» өңірлік қолбасшысының тә…

0
0
291

Полицейлер Алматы тұрғынынан 1 тоннадан аса есірткі затын тәркіледі.

Полицейлер Алматы тұрғынынан 1 тоннадан аса есірткі затын тәркіледі. «BNews.kz», 09.07.2014ж. Көліктегі полиция қызметкерлері Алматы облысының 27 жастағы тұрғынынан 1 тоннадан аса «кептірілмеген марихуана» есірткі затын тәркіледі, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі Көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кеше «Көкнәр-2014» жедел алдын алу шарасы барысында, Шу стансасындағы ішкі істер желілік бөлімінің қызметкерлері «Шу-Тәтті» өткелінде Алматы облысының 27 жастағы тұрғынын ұстады. Тексеру кезінде одан жалпы салмағы 1 тонна 25 келі кептірілмеген марихуана есірткі заты табылып, тәркіленді. Қазір күдіктінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 259-бабының 1-1-бөлігі, яғни, есірткі заттарын немесе психотроптық заттарды өткізу мақсатынсыз өте ірі мөлшерде заңсыз сатып алу…

0
0
258

Білім мен спорт — болашақ кепілі!

Міне, Атырау қаласында болғанымызға бір аптадай болып қалды. Бұл апта ішінде біз көптеген жерлерге барып, көретінімізді көріп, білімімізді толықтырдық. Ал бүгін қаланың ең басты университеттеріне экскурсия жасап келдік. Бірінші барған жоғары оқу орны – Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті. Оған барған кезімізде, халықаралық деңгейдегі өзіндік тарихы бар университет екені бірден көрінеді. Университет 1994 жылы құрылып, Х. Досмұхамедовтың атымен аталды. Оған Х. Досмұхамедовтың аты текке берілмеген болатын. Бұл кісі, ең біріншіден – дәрігер, ал одан кейін тарихшы, әдебиетші, тілші әрі әдебиет пен өнер салаларына зор үлесін қосқан адам. Университеттің мұражайы тарихи мұраларға өте бай екен. Жоғарыда айтып кеткен мәліметті біз сол мұражайдан білген болатынбыз. Содан басқа,…

0
0
3300

Білім нәрін сусындап...

Қуаныш әкелді бүгінгі күн бәріне,

Сусындадық білім-ғылым нәрінен.

Досмұхамедов Халел ата атындағы,

Университет таң қалдырды, әрине.

Керемет зертханалық бөлмені көрдік,

Таңғажайып ақпараттар жинап алдық.

Сонан соң, мекеме тарихын танып, біліп,

Келесі оқу орнына жинала бастадық.

Атырау мұнай мен газ институты,

Ізгі ниет, ақ тілекпен құшақ жайды.

Ұлы Отан соғысы жайлы мәліметті,

Естіген соң жүрегіміз бір толқыды.

 

Кешке жақын келді бізге спорт шебері,

Шәкірттері көрсетті бізге өз өнерін.

Қазақстан чемпионы атанған 2 дүркін,

Таэквандо спортын тұрады ғой көрерлік.

Ұялады жүрегіме уәж бен ынта,

Еңбек ету керек қой әрқашанда.

Жігерлілік, қажырлылық, табандылық,

Қажет болар әркімге, әрқашанда.

Дені саудың жаны сау,

Сау болғанда болмайды қоршау.

Денімізді шынықтырайық,

Белестерге бірге самғайық!

0
0
3190

Ауылым-алтын бесігім( «Туған елге тағзым» экспедициясының үшінші күні )

Міне,бүгін Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің білімді өрендері "Туған елге тағзым" өлкетану экспедициясының үшінші күніне сәтті қадам басты. Алдымен біз Астана қаласындағы ауылдың жағдайымен, тарихымен,мәдени орындарымен жақын танысу үшін Астана қаласынан 70 шақырым жердегі "Родина" ауылына жол тарттық. Ауылға кірмес бұрын Республикамыздың таңдаулы "Родина ЖШС" сүт зауыты тіршілігімен таныстық. Зауыт төрт бөліктен тұрады екен. Бізді зауыт басшысының бұқаралық ақпарат жөніндегі орынбасары Андрей зауыт өмірімен, ауыл тіршілігімен таныстырды.Өндірісті ашудың негізгі мақсаты – халықты сапалы сүт өнімімен қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын ашу, өнімнің сапасын жақсарту мен ассортиментті ұлғайту. Кәсіпорын сүт өнімін орау және тұтас сүттің жоғары технологиялық өңделуіне, бо…

5
1
1678

Оқу — білім бұлағы, Білім өмір шырағы

«Білім инемен құдық қазғандай»деп хақымымз бекер айтпағанына бүгінгі күні куә болып отырмыз.Міне,бірер жылдардан кейін мектеп түлектері атанып,ұядан өмірлік мектепке ұшып шығамыз. Сол бір сәтте әрбіреуіміздің алдымызда жаңа ғасыр талабына сай мамандық иесі болу үшін жоғары білім беру ордасын іздестіру мақсаты алдымызда тұрады. Осыған орай Атыраудағы өлкетану сапарымызда қаланың жоғары оқу орындарымен таныс болдық. Ең алғаш біз болған білім ордасы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті.Бұл жерде еліміздің білім беру жүйесінде өзіндік тарихы мен тәжірибесі бар,болашақта бәсекеге қабілетті мамандар даярлайтын жоғары оқу орындарының бірі.Білім ордасында үлкен жетістіктерге жеткен ұлы тұлғалардың тәрбиеленгені білім сапасының көрсеткіші деп білуге болады. АГТУ-да өзіме ұнаған…

0
1
14416

Білім-өмір шырағы.

Ақыл керек білім таңдап оларға, Білім керек жақсы іске қарауға. Ж.Баласағұни дегендей, білім-адамның жарқын болашаққа ашатын жалғыз жол. Үшінші мыңжылдыққа аяқ басқан адамзат баласы, қазіргі таңда көптеген нәрсені ашып, жаңа технологияларды игеруде. Осыған орай бүгінгі таңда мектепті бітіру жеткіліксіз. Сондықтан да, Павлодар қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Атырау қаласының жоғары оқу орындарының, нақтырақ айтқанда Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті мен Атырау мұнай және газ институтының, табалдырығын аттады. Бірінші болып тоқталған жеріміз –Халел Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік университеті. Атырау қаласы тарихи есерткіштерге бай өлке болған соң, тарих факультетінде оқитын студенттер жүргізген археологиялық қазба жұмыстарында табылған…

1
0
1985

Экспедиция «Туған елге тағзым»

Привет всем участникам экспедиции! Подходит к концу 8 день нашей познавательной и интересной экскурсии! Сегодня мы побывали в "KazMedia". Экскурсоводом был Борабаев Бахтияр."KazMedia"- это 22-х этажное высотное здание. Мы побывали в большом зрительном зале, который рассчитан на 970 мест. Там проводились различные мероприятия, такие как Телемост Китай-Казахстан, олимпиады и многое другое. Также мы увидели студию звукозаписи, где разные знаменитости записывают свои песни,музыку. Потолок там сделан из особого строительного материала, от которого звуки отлетают "трикошетом". Стены сделаны из специального материала, который поглощает звуки. Нам удалось побывать в том месте, где снимают сериал"Перекрёсток", увидеть декорации. Я взяла интервью у Кабирова Болата,художника-декоратора. "Основная за…

1
0
191