Білім-өмір шырағы.
Ақыл керек білім таңдап оларға,
Білім керек жақсы іске қарауға.
Ж.Баласағұни дегендей, білім-адамның жарқын болашаққа ашатын жалғыз жол. Үшінші мыңжылдыққа аяқ басқан адамзат баласы, қазіргі таңда көптеген нәрсені ашып, жаңа технологияларды игеруде. Осыған орай бүгінгі таңда мектепті бітіру жеткіліксіз. Сондықтан да, Павлодар қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Атырау қаласының жоғары оқу орындарының, нақтырақ айтқанда Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті мен Атырау мұнай және газ институтының, табалдырығын аттады.
Бірінші болып тоқталған жеріміз –Халел Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік университеті. Атырау қаласы тарихи есерткіштерге бай өлке болған соң, тарих факультетінде оқитын студенттер жүргізген археологиялық қазба жұмыстарында табылған тарихи жәдігерлер мұражайы бізді шынымен таңқалдырды. Мұражайда көргеніміз сарматтар дәуіріне жататын сармат әйелінің бұйымдары мен қару-жарағы, сонау Сарайшық қаласының кезеңіне жататын қыш-құмыралар, батырлар мүсіндері.

Атырау мұнай және газ институты Қазақстанда мұнай саласы бойынша жалғыз институт. Себебі Атырау қаласы-мұнай өңдеудің астанасы. 1946 жылы Қазақстан Републикасының академигі Қаныш Сатпаевтың нұсқауымен АтМГИ-ді Сапар Қарымсақов мырза басқара бастады. Содан кейін олар институт атағын алған соң Төлеуіш Пауеденұлы деген кісі тұңғыш ректор болып сайланады. Жалпы айтқанда институтта төрт факультет жұмыс жасауда, олар мұнай факультеті, технология факультеті,механика факультеті және экономика факультеті. Қорыта айтқанда институтты бітірген түлектер қазіргі таңда жоғары жұмыс орындарында қызмет етуде. Сонымен құрметті мектеп бітірушілер жақсылап ойланыңыз, егер де химия мен биологияны жетік меңгеріп, жақсы көрсеңіз Атырау мұнай және газ институты сізді құшағын жая қарсалады.


Өмір теңіз жүзем онда демеңіз
Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз.
Абай атамыз айтқандай білім-өмір шырағы және біз өсіп келе жатқан Қазақстанның болашағы, еліміздің ертеңі үшін бар күшімізді салып еңбектенуіміз керек. Алайда қазіргі таңда біздің басты міндетіміз-ол оқу. Сондықтан да ерінбей оқиық , ағайын!!!
Назарларыңызға рахмет!
Blog-ты дайындаған: Қабдрахманова Адия 11 – «С» сынып оқушысы
