Қоштасар сәт
Әрбір нәрсенің соңы болады демекші біздің танымдық экспедициямыздың да соңғы күні келіп қалды. Бүгінгі күніміздің жоспары тым тығыз болды деп айта алмаймын,себебі, бүгінгіге тек кинотеатр мен кітапхана ғана жоспарланған болатын. Күніміз спецэффекттерге толы, қазіргі жастардың қызығушылықпен қарайтын, фантастика жанрындағы - «Трансформер» фильмінен басталды. Фильмнен жақсы әсер алып, біз Атырау қаласының облыстық кітапханасына аяқ бастық. Үш қабаттан тұратын кітапхана әр қабатында өзіндік ерекше бөлімшелері бар екен. Мысалы, көп кісі орнына саналған акт залы, Америка Құрама Штаттарының әдебиеті мен тарихи кітаптардан тұратын шағын бөлімше, өлкетану кітаптарына арналған оқу залы және т.б. Білетініміздей, барлық кітапханалар адамдарға оларды қызықтыратын кез келген кітапты келіп оқып, адамны…