Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Полицейлер Алматы тұрғынынан 1 тоннадан аса есірткі затын тәркіледі.

Полицейлер Алматы тұрғынынан 1 тоннадан аса есірткі затын тәркіледі. «BNews.kz», 09.07.2014ж.
Көліктегі полиция қызметкерлері Алматы облысының 27 жастағы тұрғынынан 1 тоннадан аса «кептірілмеген марихуана» есірткі затын тәркіледі, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі Көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеше «Көкнәр-2014» жедел алдын алу шарасы барысында, Шу стансасындағы ішкі істер желілік бөлімінің қызметкерлері «Шу-Тәтті» өткелінде Алматы облысының 27 жастағы тұрғынын ұстады. Тексеру кезінде одан жалпы салмағы 1 тонна 25 келі кептірілмеген марихуана есірткі заты табылып, тәркіленді.

Қазір күдіктінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 259-бабының 1-1-бөлігі, яғни, есірткі заттарын немесе психотроптық заттарды өткізу мақсатынсыз өте ірі мөлшерде заңсыз сатып алу, тасымалдау немесе сақтау бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Еске сала кетейік, ҚР ІІМ Көліктегі ІІД қызметкерлері жыл басынан бері 145 есірткі қылмысын анықтаған болатын, оның ішінде 63-і сату және 12-сі есірткі затын контрабандалық жолмен тасымалдау фактілері.

2014 жылдың 6 айында еліміздің көлік полицейлері заңсыз айналымнан 3 тонна 290 келіден аса әртүрлі есірткі құралдарын тәркілеген, оның ішінде 10 келі 285 гр «героин».

0
0
247

Осы тақырып бойынша

Полицейлер Алматы тұрғынынан 1 тоннадан аса есірткі затын тәркіледі. - Yvision.kz