Білім нәрін сусындап...
Қуаныш әкелді бүгінгі күн бәріне,
Сусындадық білім-ғылым нәрінен.
Досмұхамедов Халел ата атындағы,
Университет таң қалдырды, әрине.

Керемет зертханалық бөлмені көрдік,
Таңғажайып ақпараттар жинап алдық.
Сонан соң, мекеме тарихын танып, біліп,
Келесі оқу орнына жинала бастадық.

Атырау мұнай мен газ институты,
Ізгі ниет, ақ тілекпен құшақ жайды.
Ұлы Отан соғысы жайлы мәліметті,
Естіген соң жүрегіміз бір толқыды.
Кешке жақын келді бізге спорт шебері,
Шәкірттері көрсетті бізге өз өнерін.
Қазақстан чемпионы атанған 2 дүркін,
Таэквандо спортын тұрады ғой көрерлік.

Ұялады жүрегіме уәж бен ынта,
Еңбек ету керек қой әрқашанда.
Жігерлілік, қажырлылық, табандылық,
Қажет болар әркімге, әрқашанда.

Дені саудың жаны сау,
Сау болғанда болмайды қоршау.
Денімізді шынықтырайық,
Белестерге бірге самғайық!
