Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ауылым-алтын бесігім( «Туған елге тағзым» экспедициясының үшінші күні )

Міне,бүгін Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің білімді өрендері "Туған елге тағзым" өлкетану экспедициясының үшінші күніне сәтті қадам басты. Алдымен біз Астана қаласындағы ауылдың жағдайымен, тарихымен,мәдени орындарымен жақын танысу үшін Астана қаласынан 70 шақырым жердегі "Родина" ауылына жол тарттық. Ауылға кірмес бұрын Республикамыздың таңдаулы "Родина ЖШС" сүт зауыты тіршілігімен таныстық.

Зауыт төрт бөліктен тұрады екен. Бізді зауыт басшысының бұқаралық ақпарат жөніндегі орынбасары Андрей зауыт өмірімен, ауыл тіршілігімен таныстырды.Өндірісті ашудың негізгі мақсаты – халықты сапалы сүт өнімімен қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын ашу, өнімнің сапасын жақсарту мен ассортиментті ұлғайту. Кәсіпорын сүт өнімін орау және тұтас сүттің жоғары технологиялық өңделуіне, болашақта табиғи тұтас сүттің ассортименті кең жоғары сапалы өнімді ұсынуға бағытталған. Зауытта Канада елінен әкелінген сирек кездесетін сиыр тұқымы "Голштин" асылтұқымды 800 бас мал бар.Зауыт қазіргі заманға сай, заманауи технологиямен жабдықталған. Бұл зауытты құрылғылармен қамтамасыз етіп отырған АҚ "Қаз Агро Қаржы". Зауыт сиырларын жаңа заман талабына сай құрылғымен сауады екен. Бұл асыл тұқымды әрбір сиыр күніне 18-35 литрге дейін сүт беруге қабілетті.Зауыт сүттен жасалатын өнімнің барлық түрін шығарады. Зауыт өз өнімдерімен тек Родина ауылын ғана емес, барлық Астана халқының тұрғындарын қамтамасыз етеді.

Бұл зауыттың көптеген ерекшеліктері бар. Айта кетсек, бұл зауыт ауылдың 450 ден аса адамын жұмыспен қамтып,олардың балаларының оқуына ықпал етіп, жаңа тұрғын үймен қамтамасыз етуде.Ауылдың көркеюіне жағдай жасап, балалар саябағын, көптеген мәдениет орындарын салып, дамытуда. Спорт жарысының  жеңімпаздарын және оқу үздіктері үшін жыл сайын іс-шара ұйымдастырып, марапаттаулар мен құнды сыйлықтар тарту етіп, ынталандырып отырады. Зауыттың осы кезге дейінгі жеткен жетістіктері де аз емес. 2006-2010 жылдары "Алтын сапа","Парыз" ордендерімен, кубоктармен марапатталған. Бұл зауыт бізге қатты ұнады.

Түскен кейін Астана қаласының білім ордаларының көшбасшысы, әрбір Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының арманы десек те болады, Назарбаев университетінде болдық. Шынымен де алған әсерімізді сөзбен жеткізе алмаймын. Университетке қалай түсуге болатыны жайлы, болашақта тапсырар тесттер туралы оқу орны қызметшісінен мәліметтер алдық, ойымызбен бөлістік. Университет іші бізге сабақтан шаршап шыққан уақытта, оқу орны ішіне бір көз жүгіртсек, шаршағанымызды ұмытарлықтай керемет әсер қалдырды.

5
1
1661

Осы тақырып бойынша

Ауылым-алтын бесігім( «Туған елге тағзым» экспедициясының үшінші күні ) - Yvision.kz