Р Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қызметкерлері арасында «Мемлекеттік тіл — менің тілім» байқауы мәреге жетті.
ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қызметкерлері арасында «Мемлекеттік тіл - менің тілім» байқауы мәреге жетті.Аталмыш сайысқа Ақтау, Жаңаөзен, Атырау, Ақтөбе және Орал қаласында орналасқан әскери бөлімдерден алты үміткер - өзге ұлт өкілдері қатысып, төрт кезең бойынша сынға түсті.
Бастапқыда олар өздерін таныстырса, одан кейін мақал-мәтел айту, қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын оқу, сахналық көрініс қойып, ән салудан жарысты.
Байқау қорытындысында Оралдағы 5517-әскери бөлім қызметкері, аға сержант Александр Тимарин жеңімпаз атанып, Астанада өтетін қорытынды кезеңге жолдама алса, 6655-әскери бөлімнен келген ефрейтор Константин Андриади (Ақтөбе) екінші, 3502-әскери бөлімнің кіші сержанты Жорабек Османов (Ақтау) үшінші орынды иеленді. Оларға «Батыс» өңірлік қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, полковник Берік Омаров диплом мен бағалы сыйлықтар табыс етті.
