Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ӘЧ-2014-ФИНАЛ: Германия әлем чемпионы атанды

Германия әлем чемпионы атанды

Бүгiн Бразилияда футболдан әлем чемпионатының финалында Германия Аргентина құрамасын 1:0 есебiмен тiзе бүктiрiп, бiрiншiлiктiң бас бәйгесiн қанжығаға iлдi.

Матчтың негiзгi уақытында қарсыластар белсендi ойын көрсеткенiмен, есеп аша алмай, кездесудi экстратаймға ойыстыруға мәжбүр болды. Қосымша кезеңнiң екiншi экстратаймында (113-ші минут) ұтымды пасты қабылдай бiлген Марио Гетце аргентиналықтардың қақпасына жеңiстi гол енгiзiп кеттi.

Осылайша, Германия 2014 жылғы әлем чемпионатының жеңiмпазы атанып, өз тарихында төртiншi рет Кубоктi қанжығаға байлады. Аргентина — күмiс жүлдегер.

   

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Жасұлан Жолдыбаев

 
0
0
264

Осы тақырып бойынша

ӘЧ-2014-ФИНАЛ: Германия әлем чемпионы атанды - Yvision.kz