Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ағымдағы жылдың 11–13 тамызында Алматыда қала Әкімдігінің қолдауымен Қазақстанның қала құрылысшылары одағы «Жасыл Академия» ҒБО-мен бірлесіп, «Қазақстан Республикасындағы „жасыл“ қала құрылысының басымдықтары» «Қазақстан-2014» XII қала құрылысшылары..

Форум аясында ҚР-ның «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі Тұжырымдамасын ойдағыдай іске асыру және ЭКСПО–2017 дайындық мақсатында «жасыл» құрылыс бойынша үшкүндік семинар-тренингі өтеді. Бұл ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылып отырған екінші семинар.

Семинардың мақсаты – отандық құрылыс компанияларының «жасыл» экономика әдіснамасы және BREЕAM мен LEED халықаралық «жасыл» стандарттарын оқыту саласындағы әлеуетін арттыру.

Оқу бағдарламасы «жасыл» принциптерді құрылыс саласына енгізу, экологиялық ғимараттардың ерекшеліктері, BREЕAM (Ұлыбритания) және LEED (АҚШ) халықаралық «жасыл» стандарттардың негізгі өлшемдері мен талаптары, осы стандарттар бойынша ғимараттарды бағалау мәселелерін қамтиды.

Тренерлер ретінде CBRE (Ұлыбритания) компаниясының сарапшылары, сертификатталған BREЕAM мен LEED бағалаушылары шақырылады.

Қатысу үшін өтінімдер ағымдағы жылдың 1 тамызына дейін қабылданады.

 

Байланыс: Астана қ.,  Достық көшесі, 20,

«Санкт-Петербург» Бизнес-орталығы, 14-қабат,

тел. 8(7172) 277293, 277295

факс – 8(7172) 279580

e-mail: [email protected]

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/07/105-13/

0
0
348

Осы тақырып бойынша

Ағымдағы жылдың 11–13 тамызында Алматыда қала Әкімдігінің қолдауымен Қазақстанның қала құрылысшылары одағы «Жасыл Академия» ҒБО-мен бірлесіп, «Қазақстан Республикасындағы „жасыл“ қала құрылысының басымдықтары» «Қазақстан-2014» XII қала құрылысшылары.. - Yvision.kz