Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жемқорлық көрiнiстерiн жоюда азаматтық қоғамды дамыта отырып, әр адамның өз тағдыры мен ел тағдырына деген жеке жауапкершiлiгiн арттыру

2014 жылғы 10 шілде күні Батыс Қазақстан облысының Қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары С.Х.Оразов, Ш.А.Өтемісов, В.В.Киянскийдің және үкіметтік емес ұйымдардың, саяси партиялардың, ұлттық мәдени орталықтардың, БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Жемқорлық көрiнiстерiн жоюда азаматтық қоғамды дамыта отырып, әр адамның өз тағдыры мен ел тағдырына деген жеке жауапкершiлiгiн арттыру» тақырыбында өткізілген семинар-кеңеске қатысты.

Шараның негізгі мақсаты - азаматтық қоғам институттарымен бірлесіп, жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, сондай-ақ азаматтардың жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру және құқықтық сана-сезім деңгейін арттыру.

Батыс Қазақстан облысының қаржы полициясы департаментінің қызметі туралы есеп, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мағынада жедел бейнетүсірілім кадрлары бар бейнероликтің көрсетілуі қатысушылардың ерекше назарын аударды. Кеңеске қатысқан әр адам сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті арттыру, мемлекеттік органдардың азаматтық қоғам институттарымен қарым-қатынасы, қоғамдық кеңестердің қызметін ұйымдастыру мен рөлін арттыру бойынша шаралар ұсынды.

Жиналғандар сыбайлас жемқорлықпен қарсы күресте құқық қорғау органдарының қызметі туралы өз пікірлерін ортаға салды. Осылай, «Жайық дауысы» қоғамдық бірлестігінің өкілі Х.Х.Мұқанова: «Қаржы полициясы органдары өз жұмысын кәсіби әрі барынша ашық атқаруды. Ендігі әрекет азаматтық қоғамда, күшімізді біріктіре отырып жемқорлықты бірге жеңе аламыз», - деді.

Кеңес қорытындысында үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша тармақтарды облыс аумағында қызмет жасайтын әр қоғамдық ұйымның бағдарламасына енгізуді ұсынды.

0
0
315

Осы тақырып бойынша

Жемқорлық көрiнiстерiн жоюда азаматтық қоғамды дамыта отырып, әр адамның өз тағдыры мен ел тағдырына деген жеке жауапкершiлiгiн арттыру - Yvision.kz