«Көркем фильм» кинокомпаниясы «Жұлдызды кездесу» атты байқау жариялайды.
Назар аударыңыздар!
«Көркем фильм» кинокомпаниясы «Жұлдызды кездесу» атты байқау жариялайды.
Аталған шара «Сырғалым» телехикаясын үзбей көретіндер үшін.
Отандық «жұлдыздар» өміріндегі жаңалықтардан хабардар жандар үшін.
Және де киноға жаны құмар талғампаздар үшін.
Бар болғаны төмендегі үш сауалға жауап беру керек:
1. «Сырғалым» телехикаясындағы әртістердің басым көпшілігі қандай спорт түрімен шұғылданады? (ер адамдар ұжымы)
2. Қазақстан Ұлттық арнасында көрсетілген Сырғалым телехикаясының бірінші маусымын, бір күн ішінде, ең көп дегенде қанша көрермен тамашалаған.
3. «Көркем фильм» кинокомпаниясының құрылғанына қанша жыл?
Байқаудың жеңімпазы, «Сырғалым» телехикаясының екінші маусымының түсірілу алаңында болып қайту құқығына ие болады. Сондай-ақ, көрермендерге Шер Әлі есімімен танымал, атақты актер, әрі эстрадалық әнші Әлішер Әуезовпен кешкі ас ішуге мүмкіндік алады.
Байқау 30-шы шілдеде аяқталады!
Сауалдардың жауабын [email protected] поштасына жеке хат ретінде жіберуге болады.
