Тони Галлопен «Тур де Франстың» 11-кезеңінде мәреге бірінші келді
Франциялық спортшы Тони Галлопен «Тур де Франстың» 11-кезеңінде мәреге бірінші келді. Lotto-Belisol командасының өкілінен сәл ғана қалып қойған Giant-Shimano кулбының велошабандозы Джон Дегенкольб екінші, OPQS командасының мүшесі Маттео Трентина үшінші орындарға ие болды.
Astana клубының капитаны Винченцо Нибали жалпы есептегі көшбасшыға берілетін «сары жейдені» өзінде сақтап қалды.
Ол екінші орында келе жатқан аустралиялық Ричи Порттан (Sky) 2 минут 23 секундқа, үздік үштікті түйіндеп тұрған испандық Алехандро Вальвердеден (Movistar) 2 минут 47 секундқа озып тұр.
Жалпы есеп.
1. Нибали (Италия, «Астана») — 46:59.23.
2. Порт (Аустралия, Sky) — 2.23.
3. Вальверде (Испания, Movistar) — 2.47
АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Жасұлан Жолдыбаев

