Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Жақсылығыңыз Жаратушыдан қайтсын!»

Осыдан бірнеше күн бұрын "Қазақстан" арнасының кешкі жаңалықтарынан көрдік. Екі ұл тәрбиелеп отырған бізді бұл сюжет бей-жай қалдырмады.

Астана қаласында жалғысбасты ана тұрады. Есімі - Зухра. Оның Ерасыл (4 жаста) және Еркін (3жаста) деген екі ұлы бар. Бірақ Ерасыл Қабанбайдай алып болмай қалды, Еркін де еркін жүре алмады... Тағдыры шығар, анадан аман-сау туған екі балақай да сал болып қалған. Зухраның айтуынша, дәрігерлердің кінәсі. Екеуінің де диагнозы - "ДЦП двойная гемиплегия".

Ұлдарының осы дертке шалдыққанын білген әке өз обасынан іргесін аулақ салған. Қазір Зухраға Пайғамбар жасынан асқан анасы көмектесіп отыр екен. "Тараз жақта да немерелім бар, қызымды жылатып қойып, жата алмадым" дейді кейуана.

Жүрегі жұмсақ жандар көмектесіп тұратын көрінеді. Сал балаларға арналған арнайы орындықтар әперген. Зухраның анасы "Осы қаңтар айында қызыма үй берген қала әкімі Иманғали Тасмағамбетовке алғысым шексіз! Жағдайымызды жазып жатсаңдар жеткізерсіңдер" деп еді. Аманаты - осы. Мешіт қызметкерлері де қамқорлық танытып тұрады екен. Күн сайын таза ауаға мұқтаж балаларды тысқа алып шығу да қиын. Арнайы арбалар (коляска) Еуропада 350 мың теңге тұрады екен. Тапсырыс беріп, имамдардың көмегімен алғалы жатқанын да қуанышпен жеткізді. Сіз бен біз сияқты ағайынның тиынынан құралған көмегінің арқасында былтыр Ташкент, Бішкек аралап ұлдарды емдетіп қайтқан екен, қазір Ерасыл күліп, дыбысқа елеңдейтін көрінеді.

Менің жақын досымның қызы осы дерттен ептеп болса да айығып келеді. Қазір өзі жүре алады. Әрине ол үшін тұрақты еміне жағдайың, уақытың болу керек. Ал, Зухра жұмыссыз, екі балаға берілетін әлеуметтік жәрдемақымен күн көріп отыр. Бір балаға болса мейлі, екеуіне екі адам керек.

"Осы жағдайыңды айтып, интернетке жазып қою керек қой деп ақыл айтқандар болды. Интернет-кафеге барып, нені, қалай жазарымды білмедім. Мүмкін болса жазып бересіз бе?" деді Зухра.

Рамазан айында жарым көңіл жандарға жәрдем бергенімді жарнамаламайтын едім. Бұл Зухраның өтініші, ағайын. Ниет білдіріп, көмек қолын созатын жандар көп екенін сеземін. Сол үшін де оның есепшотының номерін алдым.

Көңіліңізді білдіріп, балақайлардың басынан сипап қайтсаңыз да еркіңіз. 25 жаста ғана болса да қоғам өмірінен алшақтап бара жатқан жалғыз басты анаға демеу болып, қайрат берер едіңіз. Мен бүгін соны байқадым.

"Жақсылығыңыз Жаратушыдан қайтсін!" деп қалды қос ана...

ЧОРНЕКБАЕВА ЗУХРА УМИРБЕКОВНА - 8-777-473-43-82

Мекен-жайы: Астана қаласы, Республика даңғылы 76, 46-пәтер.

0
0
1913

Осы тақырып бойынша

«Жақсылығыңыз Жаратушыдан қайтсын!» - Yvision.kz