Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Туған елге тағзым» экспедициясының бесінші күні

«Туған елге тағзым» өлкетану экспедициясының бүгін бесінші күні. Таңғы астан соң барлығымыз Астана қаласындағы ІВ Назарбаев Зияткерлік Мектебінің оқу орнына келдік. Бұл мектепке АҚШ елшісі Майра Тунгатарова келді. Ол апай бізге көптеген мәлңметтер беріп, санамызға оқу жайлы көптеген ойлар құйды. Ол біззге шетелдегі оқу орнына қалай түсуге болатындығы жайлы, болашақта тапсырар IELTS, SAT, ACT, GMAT, CRE секілді тесттер туралы бірнеше мәлімет беріп, оқуға деген құштарлығымызды біраз деңгейге дейін күшейтіп, арттырды.

Ол бізге көбінесе АҚШ өмірі жайлы айтты. Олардағы оқу орнында оқу Қазақстандағыдай оңай емес, үлкен жауапкершілікті қажет ететін өмір баспалдағы десек те артық емес. Оларда грантты студент дәрежесіне қарай тағайындайды. Бірақ ең маңыздысы – студент жоғары оқу орнын таңдауда, 1 жылдан соң мамандығын ауыстыруға болады екен. Майра Тунгатарова апайымыздан көкірегіміздегі маза бермей жүрген сұрақтарымызға жауап алдық.

Астана Назарбаев Зияткерлік Мектебінің оқушылары Атырау мен Қызылорда өрендерін достастыру, жақын араластыру, көңілімізді көтеру мақсатында караоке кешенін өткізбек болатын. Атырау мен Қызылордалықтар топ құрып бірігіп ән салдық. Жеңген топтарға сыйлықтар беріліп, көңіліміз көтеріліп қалды. Одан соң Астана қаласының Ұлттық мұражайына жол тарттық. Мұражай 3-шілдеде Астана күніне орай ашылған. Бұл мұражай 4 қабаттан және 7 залдан тұрады.

Ең алдымен жол бағыттаушымен алтын залға өттік. Ішіне кіргенде бұрынға заманға көз жүгірткендей болдық. Бұл залда Есік қорғанынан табылған алтын адам көшірмесін көрдік. Содан соң екінші қабатта лазерлі шоуды тамашаладық. Біз онда елордамыздың қалай көркейіп, гүлдеп, дамып келе жатқанын көрдік. Өте керемет әсер алдым.

Кешкі астан соң Орта Азия бойынша үлкен «Хазірет Сұлтан» мешітіне бардық. Мешіт ішінің әдемілігін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Жоғарыдағы күмбезінде Ықылас сүресі, қалған кішкентай күмбезінде Алланың 99 есімі, пайғамбарлар есімі және аяттар жазылған.

Бүгінгі имандылыққа толы сәтпен аяқталған күн өзіндік ерекшелігімен есте қалды.

3
0
1420

Осы тақырып бойынша

«Туған елге тағзым» экспедициясының бесінші күні - Yvision.kz