Жамбыл облысының Қаржы полициясы квас дайындаумен айналысатын астыртын цехтың заңсыз қызметін тоқтатты
Қаржы полициясы департаментіне аз-т Г-ның Тараз қаласының сауда орындарына өткізіліп отырған «квас» сусынын жасаумен заңсыз айналасатыны туралы жедел ақпарат түсті.
Ағымдағы жылғы 16 шілдеде Жамбыл облысының қаржы полициясы қызметкерлерімен аз-т Г-ның жүргізуімен келе жатқан «Форт Транзит» маркалы автокөлік ұсталды. Квасты тасымалдаумен айналысатын автокөлікті тексеру барысында кваспен толтырылған әр қайсысы 50 литрлік 7 бөшке, 30 литрлік 11 бөшке табылды.
Қаржы полициясы қызметкерлерімен үйді тексеру барысында, квас дайындаумен айналысатын 2 бөлмелі астыртын цех анықталды. Онда аталған сусынды дайындауға және оны әрі қарай өткізуге арналған қажетті құрал-жабдықтар: бөшкелер, сұйықтықты құятын түтікшелер, химиялық ингредиенттер, 2 000 литр көлеміндегі шикізат өнімдері, әр түрлі сыйымды ыдыстар табылды.
Яғни, Департамент қызметкерлерімен жалпы сомасы 500 000 теңгедей тұратын 3 000 литрге жуық квас тәркіленді.
Сонымен, аз-т Г-ның іс - әрекеттерінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде 357-1 б. (тиiстi тiркеусiз немесе лицензиясыз,арнайы рұқсатсыз, бiлiктiлiк аттестатынсыз (куәлiгінсiз), басқа да рұқсатсыз, хабарламасыз кәсіпкерлік немесе өзге қызметпен айналысу, сондай-ақ iс-әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру) қарастырылған құқықбұзушылық белгілері байқалуда.
Аталған сусын жылдың ыстық кезеңінде аймағымыздың тұрғындары сұранысына ие болғандықтан, лас, тазалыққа сай емес жерде дайындалған сусын азаматтардың денсаулығына қауіп - қатер төндіреді.
Жамбыл облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті аймағымыздың тұрғындарын күдікті сусындарды сатып алуда және қолдануда қырағылық танытуға шақырады.
