Жаңа
«Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығы ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрлігімен бірлесіп, ағымдағы жылдың 23-24 шілдесінде «Қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру» тақырыбына Экологиялық реттеу және бақылау комитеті аумақтық экология...
Семинардың мақсаты – қалдықтарды басқару және қоршаған ортаға әсерді бағалау саласындағы әлеуетті нығайту. Семинарда тұрмыстық қатты қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін құру, өнеркәсіп кәсіпорындарында waste-менеджментті енгізу, иесіз қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату, күшті органикалық ластағыштарды басқару мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар семинар қатысушылары қалдықтарды басқару саласындағы Қазақстанның халықаралық конвенцияларға байланысты міндеттерімен танысады және нормативтік құқықтық негіздері бойынша білімдерін жетілдіреді. Семинардың екінші күнінде ҚР-да қалдықтарды басқару саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелерін талқылауға байланысты дөңгелек үстел өтеді. Семинар лекторлары ретінде БҰҰДБ, Дүниежүзілік Банк жобасы, Фин Су Форумы, «Астанагенплан» ҒЗЖИ және т.б. маманд…
Мирослав Клозе 2015 жылы карьерасын аяқтайды
Италиялық «Лацио» футбол клубының шабуылшысы Мирослав Клозе келер жылы өз карьерасын аяқтайтыны туралы жариялады. Бұл туралы неміс БАҚ-ы жарыса жазуда.
Мирослав Клозе биыл Бразилияда өткен футболдан әлем біріншілігінде мундиальдағы 16-голын салып, ӘЧ тарихында ең үздік сұрмерген атанды.
Бұрын «Баварию» мен «Вердереде» ойнаған неміс футболшысы 137 матчта ұлттық құрама үшін жалпы саны 71 гол салыпты.
Германия құрамасы биылғы 13 шілдеде 1930 жылдан бері 20-рет өткізілген футболдан ӘЧ-да финалдағы қарсыластары — Аргентина құрамасынан басып түсіп, 4-рет әлем чемпионы атанды — 1:0.
АСТАНА. ҚазАқпарат
Таразда халықаралық турнир өтеді
26-27 шілде күндері Тараз қаласында Дінмұхамед Қонаевты еске алуға арналған еркін күрестен халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды kazsporttv.kz.
Үшінші мәрте халықаралық деңгейде өткізілгелі тұрған бәсеке 2013 жылдан бастап FILA күнтізбесіне енгізілген.
Жамбыл облыстық күрес федерациясының ұйымдастыруымен аталмыш турнир «Тараз-Арена» спорт кешенінде өткізіледі. «Былтыр Қонаев турниріне оннан аса ел қатысқан болса, биыл олардың саны артуы мүмкін», — дейді ұйымдастырушылар.
Қазақстан құрамасы 8 салмақ дәрежесі бойынша 1-5 нөмірлі балуандардардан құралған үлкен құраммен өнер көрсетпек.
АСТАНА. ҚазАқпарат
«Қайсар» жанкүйерлеріне арнап ашық жаттығу өткізді
Қазақстан Премьер-лигасының кезекті туры қарсаңында бүгін «Қайсар» футбол клубы жанкүйерлеріне арнап ашық жаттығу өткізіп, командаға жаңа қосылған ойыншыларға клуб жейдесін табыстады, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі. Командалық фотосессиямен басталып, жанкүйерлердің селфиімен аяқталған ашық жаттығуда футболшылар алдымен командалық суретке түсіп, артынша клуб директоры Руслан Балтиев пен бас бапкер Дмитрий Огай командаға жазғы трансферлік кезеңде қосылған үш ойыншы — Валентин Фурдуй, Владислав Нехтий және Сергей Остапенконы таныстырды. Валентин — қорғанысқа тірек болар шептің ойыншысы. «Қайсарға» дейін Молдованың «Шериф» командасында ойнаған. Кейінгі кездері Молдова ұлттық құрамасына шақыртылып жүр. Енді қызылордалық клубта 27-нөмірде өнер көрсететін болады. Шабуылдың барлық шебінд…
Усэйн Болт Копакабана жағажайында 100 метрлікке жүгіреді
Атақты желаяқ, алты дүркін олимпиада чемпионы Усэйн Болт Рио-де-Жанейродағы Копакабана жағажайында өтетін турнирде 100 метрлік қашықтықта жүгіреді. Бұл туралы спортшы өзінің ресми сайтында хабарлады. Оның айтуынша, жеңіл атлетші 2014 жылғы өзі қатысатын жарыстар тізімін құрастырып қойған. 17 тамызда Копакабана жағажайында өтетін «Мано а Мано» турнирі соңғысы болмақ. Өткен жылдың наурызында, ол мұнда мүмкіндігін сынап көрген. Арнайы салынған жарыс жолында 150 метр жүгірген желаяқ жеңіске жетіпті. Тамыз айында Болт тағы үш жарыста бағын сынайды: 1-2 тамызда Глазго Достастығының ойындарында (4х100 м эстафета), 23 тамызда Варшавадағы турнир және 26 тамызда өтетін Цюрихтегі жарыс (екеуі де — 100 м). Болт алынған жарақаты салдарынан талай жарысты өткізіп алды, наурыз айынан бері толыққанды жатт…
«Меніңше қазақ күресі әрқашан алдыңғы қатарда» Сәрсен Құранбекпен сұхбат
Өткен жылы қазақ күресіне арналған алғашқы ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Тарихшылар, археологтар, спорт мамандары күрестің өткені мен қазіргісін және болашағын талқылады. Осыған орай Қазақ күресі федерациясының бас хатшысы С.А. Құранбектен сұхбат алған болатынбыз. Қазақ күресі жайлы айтып беріңізші — Менің есебімше, көшпенділер мәдениеті неше мыңжылдықты құраса, күрес тарихы да сонша мыңжылдыққа тиесілі. Бәсекелес тайпалармен соғыстарда, адамдар мықты және шыдамды болуы тиістін. Олар қару қолдану мен күрес (жекпе-жек) әдістерін жақсы меңгерулері қажет болатын. Қазақ күресі ұлттық әскери техникамен өзара тығыз байланысты. «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр» эпостарында қазақ халқының күрес өнерінің барлық түрлері толық сипатталған: найза қолдану (сайыс), қылыштасу, шоқпар, айбалта, а…
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, қазақстандық медициналық ЖОО мен Шотландияның Данди университеті арасында Ынтымақтастық туралы үш жақты меморандумға қол қойылды
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министр С.З. Қайырбекова Шотландияның Данди университетінің басшылығымен кездесті.
Түркістан легионы: соғыстың ащы дәмін татқандар
Біздің қоғамда үнемі екінші дүниежүзілік соғыстың қанды майданы және оған қатысқан қазақстандықтар туралы сөз болғанда, соғыс қасіретін көргендер еріксіз еске алынады. Оның ішінде: батырлар да, марапаттау төс белгісін алып марапаттау шаттығына жете алмағандар да, ерлік жасай жер құшқандар да, майданнан аман-есен оралғандар да. Яғни, азап шегушілер-де және өз іс-қимылдарына берік сенгендер-де бар. Ал осының бел ортасында тұрған, неміс-фашистік басқыншылар қолына түскен тұтқындар, олардың тағдыры туралы зерделеуге ғалымдардың мүмкіндігі болмаса, халық пен куәгерлердің бұл тақырыпта сөз қозғауда бойын үрей биледі. Ажал алдында тұрған пендеден «дұрыс бағыт ұстамадың" деу, айтуға оңай болғанмен, адам жанының тәттілігі-де шындық емес пе? Әрине, қорқақтық пен батырлықтың сыналатын кезі болады. Д…
«Жақсылығыңыз Жаратушыдан қайтсын!»
Осыдан бірнеше күн бұрын "Қазақстан" арнасының кешкі жаңалықтарынан көрдік. Екі ұл тәрбиелеп отырған бізді бұл сюжет бей-жай қалдырмады. Астана қаласында жалғысбасты ана тұрады. Есімі - Зухра. Оның Ерасыл (4 жаста) және Еркін (3жаста) деген екі ұлы бар. Бірақ Ерасыл Қабанбайдай алып болмай қалды, Еркін де еркін жүре алмады... Тағдыры шығар, анадан аман-сау туған екі балақай да сал болып қалған. Зухраның айтуынша, дәрігерлердің кінәсі. Екеуінің де диагнозы - "ДЦП двойная гемиплегия". Ұлдарының осы дертке шалдыққанын білген әке өз обасынан іргесін аулақ салған. Қазір Зухраға Пайғамбар жасынан асқан анасы көмектесіп отыр екен. "Тараз жақта да немерелім бар, қызымды жылатып қойып, жата алмадым" дейді кейуана. Жүрегі жұмсақ жандар көмектесіп тұратын көрінеді. Сал балаларға арналған арнайы орын…

