«Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығы ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрлігімен бірлесіп, ағымдағы жылдың 23-24 шілдесінде «Қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру» тақырыбына Экологиялық реттеу және бақылау комитеті аумақтық экология...
Семинардың мақсаты – қалдықтарды басқару және қоршаған ортаға әсерді бағалау саласындағы әлеуетті нығайту.
Семинарда тұрмыстық қатты қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін құру, өнеркәсіп кәсіпорындарында waste-менеджментті енгізу, иесіз қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату, күшті органикалық ластағыштарды басқару мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар семинар қатысушылары қалдықтарды басқару саласындағы Қазақстанның халықаралық конвенцияларға байланысты міндеттерімен танысады және нормативтік құқықтық негіздері бойынша білімдерін жетілдіреді.
Семинардың екінші күнінде ҚР-да қалдықтарды басқару саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелерін талқылауға байланысты дөңгелек үстел өтеді.
Семинар лекторлары ретінде БҰҰДБ, Дүниежүзілік Банк жобасы, Фин Су Форумы, «Астанагенплан» ҒЗЖИ және т.б. мамандары мен сарапшылары шақырылды.
Байланыс: Астана қ., Достық к., 20,
«Санкт-Петербург» бизнес орталығы, 14-ші қабат,
тел. 8(7172) 277293, 277294
e-mail: [email protected]
