Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Усэйн Болт Копакабана жағажайында 100 метрлікке жүгіреді

Атақты желаяқ, алты дүркін олимпиада чемпионы Усэйн Болт

Атақты желаяқ, алты дүркін олимпиада чемпионы Усэйн Болт Рио-де-Жанейродағы Копакабана  жағажайында өтетін  турнирде 100 метрлік қашықтықта жүгіреді.

Бұл туралы спортшы өзінің ресми сайтында хабарлады.

Оның айтуынша, жеңіл атлетші 2014 жылғы өзі қатысатын жарыстар тізімін құрастырып қойған.   17 тамызда  Копакабана  жағажайында өтетін «Мано а Мано» турнирі соңғысы болмақ. Өткен жылдың наурызында, ол мұнда мүмкіндігін сынап көрген. Арнайы салынған жарыс жолында 150 метр жүгірген желаяқ жеңіске жетіпті.

Тамыз айында Болт тағы үш жарыста бағын сынайды:  1-2 тамызда Глазго Достастығының ойындарында (4х100 м эстафета), 23 тамызда Варшавадағы турнир және 26 тамызда өтетін Цюрихтегі жарыс (екеуі де — 100 м).

Болт алынған жарақаты салдарынан талай жарысты өткізіп алды, наурыз айынан  бері толыққанды жаттыға да алмай жүр.

Болт — алты дүркін олимпиада чемпионы, сегіз дүркін әлем чемпионы. Ол 100 және 200 метр қашықтықтарда жүгіруден әлемдік рекордтың иесі. Сондай-ақ, ел құрамасымен бірігіп  4х100 м эстафетасында рекорд орнатқан.

   

АСТАНА. ҚазАқпарат

 
0
0
239

Осы тақырып бойынша