Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мирослав Клозе 2015 жылы карьерасын аяқтайды

Мирослав Клозе

Италиялық «Лацио» футбол клубының шабуылшысы Мирослав Клозе келер жылы өз карьерасын аяқтайтыны туралы жариялады. Бұл туралы неміс БАҚ-ы жарыса жазуда.

Мирослав Клозе биыл Бразилияда өткен футболдан әлем біріншілігінде мундиальдағы 16-голын салып, ӘЧ тарихында ең үздік сұрмерген атанды.

Бұрын «Баварию» мен «Вердереде» ойнаған неміс футболшысы 137 матчта ұлттық құрама үшін жалпы саны 71 гол салыпты.

Германия құрамасы биылғы 13 шілдеде 1930 жылдан бері 20-рет өткізілген футболдан ӘЧ-да финалдағы қарсыластары — Аргентина құрамасынан басып түсіп, 4-рет әлем чемпионы атанды — 1:0.

     

АСТАНА. ҚазАқпарат

 
0
0
220

Осы тақырып бойынша

Мирослав Клозе 2015 жылы карьерасын аяқтайды - Yvision.kz