Кәсіпкерлерді қорғау
2014 жылдың 11 шілдесінде «Тандем» радиосының «Визави» радиобағдарламасында «Басты мақсат – кәсіпкерлерді қорғау» тақырыбында Маңғыстау облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға инспекторы Ю.Резниченко мен баспасөз хатшысы Н.Мұқатайдың қатысуымен тікелей желі өтті.
Бағдарлама барысында шағын және орта бизнесті тексеру тақырыбы, сондай-ақ, Елбасы жолдауында белгіленген міндеттерді орындау барысындағы Департамент қызметі туралы айтылды.
Сұрақтардың басым көпшілігі кәсіпкерлерден келіп түсті. Оларды тексеру жүргізудің тәртібі, тексерулердің тағайындалуы және бақылаушы органдардың тарапынан заңсыз «келушілер» болған жағдайда, қайда барып арыздануға болатындығы қызықтырды.
Тікелей желі барысында тыңдаушылардың сұрақтарына тиянақты жауаптар берілді, облыс кәсіпкерлеріне заңсыз тексерулер болған жағдайдағы олардың құқықтары түсіндірілді.
