Жеке қабылдау жүргізілді
2014 жылғы 17 шілдеде Маңғыстау облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы Е.Н.Жалмағанбет азаматтарды қабылдады.
Азаматтарды жеке қабылдау «Нұр отан» ХДП МОФ бастамасымен әзірленген кесте бойынша облыстың мемлекеттік және құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен өтті.
Қоғамдық қабылдауға 17 адам жүгініп, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының алдына түрлі әлеуметтік және азаматтық-құқықтық мәселелер қойылды.
Келушілердің барлығы дерлік толыққанды әрі түсінікті жауаптар алды.
