Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қалдықтарды және қауіпті заттарды басқару мәселелері бойынша семинар

15-16 шілдеде Алматыда БҰҰДБ/ЖЭҚ/ҚР ҚОСРМ «Қазақстанда медициналық қалдықтарды ұлттық жоспарлау және ұтымды басқару процесіне орнықты органикалық ластағыштарды орындаудың, басқаруды кіріктірудің ұлттық жоспарын жаңарту» жобасын іске асыру шеңберінде қалдықтар мен қауіпті заттарды басқару, нормативтік-құқықтық базаны жақсарту мәселелері бойынша оқыту семинары өтті.

Іс-шараға денсаулық сақтау, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармаларының, тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің өкілдері, экологтар, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар қатысты. Семинардың мақсаты – жергілікті атқарушы және мүдделі мемлекеттік органдардың жоба туралы хабардарлығын арттыру, жұртшылықтың назарын аударту, өзара іс-әрекет процесін жақсарту.

Семинардың жұмысы барысында қауіпті химиялық заттармен жұмыс істеу, медициналық және сынабы бар қалдықтарды, құрамында ПХД бар жабдықтарды басқару мәселелері талқыланды.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/07/105-35/

0
0
495

Осы тақырып бойынша

Қалдықтарды және қауіпті заттарды басқару мәселелері бойынша семинар - Yvision.kz