Биыл ЮНЕСКО-ның әлемдiк мұраларына 8 қазақстандық нысан қосылды
BNews.kz Биыл ЮНЕСКО-ның әлемдiк мұралары қатарына 8 қазақстандық нысан қосылды. Бұл туралы бүгiн ЮНЕСКО iстерi жөнiндегi Ұлттық комиссиялардың бiрiншi өңiраралық кеңесi барысында Астана қаласының әкiмi Иманғали Тасмағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Bnews.kz тiлшiсi.
«Табанды да баянды жұмыстардың негiзiнде ЮНЕСКО-ның әлемдiк мұралар тiзiмiне елiмiздiң үш тарихи ескерткiшi енгiзiлдi. Атап айтқанда, Қожа Ахмет Яссауи кесенесi, Тамғалы петроглиф археологиялық тас кешенi, Сарыарқа және Солтүстiк Қазақстан көлдерi мен жазықтары, Қорғалжын және Наурызым қорықтары. Биыл олардың қатарын елiмiздiң тағы да 8 тарихи нысаны толықтырып отыр. Елiмiздегi осындай жәдiгерлердiң әлемдiк мәдени құндылықтар қатарында дүниежүзiлiк мұралар тiзiмiне енуi тұтас халқымыздың арман-тiлегi мен риясыз пейiлiнiң көрсеткiшi деп бiлемiн», – дедi И.Тасмағамбетов.
Оның айтуынша, адамзатқа ортақ руханиятты барынша жақындастырып, әлемдiк тұлғалар есiмiн таныстыруда «Атаулы даталар күнтiзбесi» жобасының да орны айрықша.
«ЮНЕСКО күнтiзбесiне бiздiң де төл тарихымызға, ұлтттық тұлғаларымызға қатысты мерейтойлық даталар енгiзiлдi. Бұл әрине бiрiншi кезекте әлем елдерiне ұлттық әдебиетiмiздегi жауһар туындылармен сусындауға мүмкiндiк бердi. Осы арқылы жаһан жұртшылығы қазақ халқының мәдениетiмен, тарихымен танысты», – деп толықтырды ол.
Астана қаласының әкiмi өз сөзiнде ЮНЕСКО басшылығының елiмiзге жасаған бiрнеше ресми сапары Қазақстан мен осынау халықаралық беделдi ұйым арасындағы достық әрiптестіктi жаңа сатыға көтергенiн атап өттi.
