Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Көшедегі бизнес

Қазақстанның барлық қалаларында, әлемнің көптеген нүктелерінде де көше бойында қолын жайып, қайырым сұрап отырған, жүрген адамдарды жиі кездестіреміз. Бұл бизнес түрімен айналысатындарға әркім өз көзқарасы, қатынасы әр түрлі. Кейбіреуі ақша беріп, қол ұшын берсе, біразы оларға мән де бермейді.

Қайырым сұрайтындар не себепті осындай өмір стилін таңдаған, оларды не итермелеген, ең бастысы – күніне қанша ақша табады деп өмірінде бір рет болса да әркім ойланған шығар...

Сұрақтарға жауап іздеу үшін Алматы қаласының бірнеше «нүктелеріне» барып, сұрастыруға тырыстым. Әрине, менің сауалдарыма жауап беруден бас тартқандар көп болды, бірақ арасынан жауап бере ғана қоймай, өздерінің ұялы телефон нөмерімен бөліскендер болды. Не үшін? Маған да түсініксіз...

Сонымен, күнде Абай мен Әуезов көшелер қиылысында үш баласын (екі ұл, бір қыз) жетектеп Мәриям атты әйел көгілдір ыдысын ақша салуға ұсынып, қайырым сұраумен айналысады.

- Не үшін балаларыңызды кішкентай кезінен осындай өмірге баулисыз?

- Жолдасым қайтыс болғаннан кейін туыстарым тарапынан ешқандай көмек жоқ. Ақша керек...

- Қанша уақыт болды?

- Бір жарым жыл бойы.

- Күніне табысыңыз қанша?

- Он мың тенге.

- Балаларыңыз мектепке барады ма?

- Ең үлкен балам қазан айында алтыға толады. Мектепке барады осы жылы.

Қайырым сұрайтындар әр түрлі болады: бірі кішкентай балаларын ертеді, бірі мүгедек арбаға отырып, бірі өнер көрсететіндер.

Келесі сауалдарыма жауап берген қырық тоғыз жастағы шығармашылық адамы -  әнші Сәкен атты ағамыз.

Өнерін көрсететін жерлері жетерлік: Горький паркі, Арбат, Әуезов көшесі бойында. Күніне үш-төрт мың теңге табыс көреді. Сәтті болған күндері алты мыңға да жетіп қалады. Құжаты болмағандықтан 2011 жылдан бастап көшеде әншілікпен айналысады. Ең бастысы, репертуары кең және қазақ, орыс тілдерінде гитара мен домбырада ән салады. Ағамыз байқағандай, оның барлық «коллегалары» екі тілде айта бермейді.

Көшеде қайырым сұрауға шығу үшін де батырлық керек. Бірақ неге адам қатарлы жұмыс істеп, өз еңбегіңмен ақша таппасқа? Балаларын мүгедек арбаларына отырғызып, ауа райына қарамастан «бизнес жандандыру» үшін шығады. Көк базарда да қайырым сұрайтындар бар. Аялдама жанында отыратын ер адамға көзім түсті. Аяқтары жоқ екен. Бірақ құлағына наушник таққан, қолында телефон... Мұндай көріністен кейін оған ыдысына ақша салу қажет пе әлде жоқ па деп ойланып қаласың...

 
0
0
401

Осы тақырып бойынша

Көшедегі бизнес - Yvision.kz