«Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайтадан куәлiктер немесе анықтамалар беру»
Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiндегi уақыт бойынша шектеу мерзiмдерi: Ø Тұтынушы жүгiнген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi қажеттi құжаттар уәкiлеттi органға түскен күннен бастап 5 күнтiзбелiк күн, азаматтық хал актiсiн басқа аумақтық бiрлiкте тiркеген жағдайда, тұтынушыны хабардар ете отырып, қызмет көрсету мерзiмi 30 күнтiзбелiк күнге дейiн ұзартылады (құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi). Мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» кодексiне сәйкес мемлекеттiк баж белгiлендi, ол: Ø азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы куәлiктi қайтадан бергенi үшiн 1 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiн; Ø азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы анықтама бергенi үшiн айл…