Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы»

«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 370-ІІ Заңы қабылданған заң бойынша жүргізіледі.
Аталмыш заңның негізгі мақсаты электрондық цифрлық қолтаңбалар арқылы куәландырылған, құқықтық қатынастардың орнатылуын, өзгертілуін немесе тоқтатылуын көздейтін электрондық құжаттарды жасау және пайдалану кезінде туындайтын қатынастарды, сондай-ақ азаматтық-құқықтық мәмілелер жасауды қоса алғанда, құқықтық қатынастарға қатысушылардың электрондық құжаттар айналымы саласында туындайтын құқықтары мен міндеттерін реттеуге бағытталған.
Электрондық цифрлық қолтаңба дегеніміз - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электроңдық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлык нышандар терімі.
Электрондық құжат дегеніміз -  өзіндегі ақпарат электрондық-цифрлық нысанда табыс етілген және электрондық цифрлық колтаңба арқылы куәландырылған құжат.
Электрондық цифрлық қолтаңба қол қоюшы тұлғаның өзі қойған қолымен тең және мынадай шарттар орындалған кезде:
  • Ø тіркеу куәлігі бар ашық кілттің көмегімен электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығы куәландырылғанда;
  • Ø электрондық құжатқа қол қойған тұлға электрондық цифрлық қолтаңбаның жабык, кілтіне заңды түрде иелік еткеңде;
  • Ø электрондық цифрлык колтаңба тіркеу куәлігінде аталған мәліметтерге сәйкес пайдаланылғанда, бірдей заңдық салдарларға әкеп соғады.
Электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілттері оларды заңды негіздерде иеленетін тұлғалардың меншігі болып табылады.
Электрондық цифрлық қолтаңба алу үшін жеке тұлғалар үшін төмендегідей құжаттар қажет:
  • Ø www.pki.kz сайты арқылы электронды берілген өтінім;
  • Ø Жеке тұлғаның куәлігі немесе төлқұжатының түпнұсқасы мен көшірмесі.
Электрондық цифрлық қолтаңба алу үшін заңды тұлғалар үшін төмендегідей құжаттар қажет:
  • Ø www.pki.kz сайты арқылы электронды берілген өтінім;
  • Ø Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы мен көшірмесі;
  • Ø Өтінім берушінің жеке куәлігі немесе төлқұжатының түпнұсқасы мен көшірмесі;
  • Ø Басшысының бекітілгендігі туралы бұйрық, шешім немесе хаттамасының көшірмесі мекеменің мөрімен бекітілуі тиіс.
Электрондық цифрлық қолтаңба алу қызметі халыққа қызмет көрсету орталықы арқылы тегін көрсетіледі.
0
0
4790

Осы тақырып бойынша

«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» - Yvision.kz