Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Жылжымалы мүлікті кепілін тіркеу туралы»

«Жылжымалы мүлікті кепілін тіркеу туралы» ҚР Заңы бойынша төмендегідей мәліметтер келтірді.
«Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1998 ж. 30 маусымдағы № 254-1 қабылданған. Оған 2013.08.01 өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Барлығы 23 баптан тұрады.
Жылжымалы мүлiк - көлiк құралдары, айналымдағы тауарлар, бағалы қағаздар, ақша, мүлiктiк құқықтар, соның iшiнде болашақтағы өнiмге және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерімен жылжымайтын мүлiкке жатқызылмаған өзге де мүлiкке құқық.
Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу - жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiне кепiл талаптары бар (кепiлдi тiркеу туралы өтiнiш) кепіл туралы шарттағы немесе өзге шарттағы мәлiметтердi енгiзу жөнiнде жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу кезiнде туындайтын қатынастарға қатысушылардың iс-қимылдары жиынтығын, жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiк берудi және тiркеушi органдардың және (немесе) жылжымайтын мүлік орталықтарының осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерінде белгiленген тәртiппен жасалатын өзге де iс-қимылдарын бiлдiретiн тiркеушi органның және (немесе) жылжымайтын мүлік орталығының жылжымалы мүлiк кепiлiн есепке алу рәсiмi.
0
0
494

Осы тақырып бойынша

«Жылжымалы мүлікті кепілін тіркеу туралы» - Yvision.kz