Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру»

«Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты.
Бұл қызмет түрі «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 10-бабының 1-тармағы 1) тармақшасы, «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 2-тармағы 1) тармақшасы және «Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қыркүйектегі № 845 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын пайдалану ережесінің 12-тармағы 1) тармақшасы негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің мерзімдері өтініш берілген сәттен бастап – бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті алушыға халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға паспорт беріледі немесе жазбаша дәлелді бас тарту беріледі.
Мемлекеттiк қызметті алу үшiн мемлекеттiк қызметті алушы мынадай құжаттар тапсыруы керек:
1) еркін нысандағы жазбаша өтінішті;
2) түстік шешімі және өлшемдері бар объекті эскизінің көшірмесін ұсынады.
0
0
385

Осы тақырып бойынша

«Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» - Yvision.kz