Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

2. «ҚР-да әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы»

Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды  әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 Қаулысымен бекітілген. Оған 2010.17.06. берілген өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.
Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери есепке алу Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы, «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі заңдарына және осы Ережеге сәйкес ұйымдастырылады.
Әскери есепке алу тұрақты жүзеге асырылады және мыналарды:
1) әскери-есептік мамандығы жоқ әйелдерді;
2) әскери міндетті атқарудан босатылғандарды;
3) бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеп жатқандарды;
4) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тұрақты тұратындарды қоспағанда, әскери есепке алынуға тиіс азаматтардың барлық санаттарын қамтиды.
Әскери есепке алудың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын, мемлекеттік органдарды бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына жоспарлы түрде көшіру және оларды кейіннен жеке құраммен жете жасақтау жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету үшін запаста тұрған азаматтар қатарынан қажетті әскери мамандарды даярлау жөнінде жоспарлы жұмыс жүргізу;
2) азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды ұйымдасқан түрде өткізуді қамтамасыз ету үшін Республикада бар әскерге шақыру ресурстарын Қарулы Күштердің әскер түрлері, тектері бойынша ұтымды бөлу мүддесінде олардың сандық және сапалық құрамын уақтылы анықтау және айқындау;
3) Қазақстан Республикасы азаматтарының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және осы Ережені орындауын бақылауды жүзеге асыру.
Әрбір әскерге шақырылушының жеке ісіне мыналар тігіледі:
әскерге шақырылушының есеп карточкасы;
әскерге шақырылушының тууы туралы куәлігінің көшірмесі;
неке туралы куәліктің көшірмесі;
балаларының тууы туралы куәліктерінің көшірмесі;
білімі туралы құжаттың көшірмесі;
жұмыс немесе оқу орнынан анықтама;
жұмыс немесе оқу орнынан мінездеме;
отбасы құрамы туралы анықтама;
әскерге шақырылушыны зерделеу парағы;
кеуде қуысы мүшелерін рентгенологиялық зерттеу анықтамалары;
денсаулық жағдайы туралы құжаттар;
сот органдарынан қылмыстық жауапкершілікке тартылуы туралы хабарламалар;
ішкі істер органдары мен анықтау және алдын ала тергеу органдарынан анықтамалар;
азаматтық хал актілерін жазу ұйымдарынан (бұдан әрі - АХАЖ органдары) тегін, атын, әкесінің атын ауыстырғаны, туған күні мен жері туралы өзгерістер туралы, қаза табуы туралы хабарламалар.
0
0
1495

Осы тақырып бойынша