Онлайн декларация – жеңіл және жылдам
Электрондық түрде салық есептілігін ұсыну жөніндегі салық міндеттемелерін орындау мақсатындаcabinet.salyk.kz/sonowebinfo салық есептілігін авторизациялау және жөнелту, оның ішінде ҚР Ұлттық куәландырушы орталығынан (бұдан әрі – ҰКО) ЭЦҚ құралдарымен куәландырылған жеке табыс салығы мен мүлік бойынша (230.00 нысаны) декларациялау мүмкіндігі іске асырылды. ҰКО-нан цифрлық қолтаңбаларды алу үдерісі екі кезеңнен тұратындығын ескертеміз. Пайдаланушы порталдан онлайн өтінім береді. Пайдаланушының компьютерінде жабық кілттер құрылады, бұдан әрі азаматтың бірегей нөмірмен қалыптастырылған өтінішті басып шығарудың мүмкіндігі бар. Азамат осы өтінішпен ХҚКО-на барады, ал оның мекенжайын онлайн өтінімді беру үдерісінде таңдайды. ХҚКО-да оператор азаматтың сәйкестендіру рәсімін жүргізеді, және нәтижел…