Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Жер учаскесiне жеке меншiк құқығына актiлер беру»

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 17 ақпандағы №102 Қаулысына сәйкес «Жер учаскесiне жеке меншiк құқығына актiлер беру» мемлекеттiк қызмет стандарты туралы баян етті.
Мемлекетті қызмет өтiнiш бiлдiрген кезде уақыт бойынша шектеу мерзiмдерi тұтынушы қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi - 10 жұмыс күнi, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн - 7 жұмыс күнi.
Жер учаскесiне жеке меншiк құқығына арналған актiнi беру үшiн уәкiлеттi органға немесе Орталыққа мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
1) жер учаскесiне жеке меншiк құқығын мемлекет берген кезде:
  • Ø уәкiлеттi органға осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес жер учаскесiне жеке меншiк құқығына арналған акт беруге өтiнiш;
  • Ø жергiлiктi атқарушы органның жер учаскесiне жеке меншiк құқығын беру туралы шешiмiнен үзiндi көшiрме;
  • Ø уәкiлеттi орган бекiткен жерге орналастыру жобасының және жергiлiктi жерде жер учаскесiнiң шекараларын белгiлеу жөнiндегi материалдардың көшiрмелерi;
  • Ø жеке тұрғын үй құрылысына белуге арналған алаңда жер учаскелерiн орналастырудың жерге орналастыру жобасы болған жағдайда, көрсетiлген жұмыстарды орындаған ұйым беретiн, нақты жер учаскесiне арналған жерге орналастыру жобасының бiр бөлiгi және оның жергiлiктi жердегi шекараларын белгiлеу жөнiндегi материалдар;
  • Ø салық төлеушi куәлiгiнiң (СТН) көшiрмесi;
  • Ø заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
  • Ø жер учаскесiне жеке меншiк құқығына арналған актiнi дайындағаны үшiн қызметтерге ақы төленгенi туралы түбiртектiң көшiрмесi;
  • Ø жер учаскесiне жеке меншiк құқығы берiлген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi не жер учаскесiне жеке меншiк құқығы берiлген тұлғаның атынан берiлген сенiмхаттың және сенiм бiлдiрiлген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi.
  • Тұлғаның жеке куәлiгiнiң немесе сенiмхаттың көшiрмелерiн тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, олар тексерiлгеннен кейiн тұтынушыға қайтарылады;
2) жер учаскесiнiң сәйкестендiру сипаттамалары өзгерген жағдайда:
  • Ø уәкiлеттi органға осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес жер учаскесiне жеке меншiк құқығына арналған акт беруге өтiнiш;
  • Ø жергiлiктi атқарушы органның жеке меншiк құқығына бұрын берiлген жер учаскесiнiң сәйкестендiру сипаттамаларының өзгеруi туралы шешiмiнен үзiндi және/немесе сәйкестендiру сипаттамаларының өзгергендiгiн растайтын өзге құжаттың көшiрмесi;
  • уәкiлеттi орган бекiткен жерге орналастыру жобасының және жергiлiктi жерде жер учаскесiнiң шекараларын белгiлеу жөнiндегi материалдардың көшiрмелерi;
  • Ø салық төлеушi куәлiгiнiң (СТН) көшiрмесi;
  • Ø заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
  • Ø жер учаскесiне жеке меншiк құқығына арналған актiнi дайындағаны үшiн қызметтерге ақы төленгенi туралы түбiртектiң көшiрмесi;
  • Ø жер учаскесiне жеке меншiк құқығы берiлген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi не жеке меншiк құқығы берiлген тұлғаның атынан берiлген сенiмхаттың және сенiм бiлдiрiлген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi.
Тұлғаның жеке куәлiгiнiң немесе сенiмхаттың көшiрмелерiн тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, олар тексерiлгеннен кейiн тұтынушыға қайтарылады;
3) жер учаскесiне жеке меншiк құқығына арналған актiнiң телнұсқасын беру кезiнде:
  • Ø уәкiлеттi органға осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес жер учаскесiне жеке меншiк құқығына арналған актiнiң телнұсқасын беруге өтiнiш;
  • Ø жер учаскесiне жеке меншiк құқығына арналған актiнiң телнұсқасын дайындағаны үшiн қызметтерге ақы төленгенi туралы түбiртектiң көшiрмесi;
  • Ø жер учаскесiне жеке меншiк құқығы берiлген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi не жеке меншiк құқығы берiлген тұлғаның атынан берiлген сенiмхаттың және сенiм бiлдiрiлген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
  • Ø жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша жергiлiктi облыстық газеттiң жер учаскесiне жеке меншiк құқығына арналған актiнiң түпнұсқасын жарамсыз деп тану туралы хабарландыру жарияланған данасы.
Тұлғаның жеке куәлiгiнiң немесе сенiмхаттың көшiрмелерiн тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, олар тексерiлгеннен кейiн тұтынушыға қайтарылады.
0
0
345

Осы тақырып бойынша

«Жер учаскесiне жеке меншiк құқығына актiлер беру» - Yvision.kz