«Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу»
«Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты:
Мемлекеттік қызмет «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 268-274-баптарының және «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 7-бабының негізінде көрсетіледі.
Қайтыс болуды тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызмет 1 жұмыс күні ішінде көрсетіледі (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді). Алайда аталмыш қызмет түрін 2 жұмыс күні деп жазу қажет.
Қайтыс болу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініштер республика бойынша Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік деректер қорының Орталық серверінде актілік жазбалардың электрондық нұсқасы болған кезде күнтізбелік 15 күн ішінде қаралады, қосымша зерделеу мен тексеруді жүргізу қажет болған кезде қарау мерзімін ұзарту сәтінен бастап 2 жұмыс күнінің ішінде мемлекеттік қызмет алушыға хабарландырыла отырып, күнтiзбелiк 30 күннен аспайтын уақытқа ұзартылады (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзіміне кірмейді) ұзартылады.
Қайтыс болуды тіркеуді алу үшін мемлекеттік қызметті алушы не оның уәкілетті органы орталыққа не уәкілетті органға:
1) белгіленген нысандағы өтінішті (осы стандартқа 3-қосымша);
2) қайтыс болу фактісін растайтын құжатын;
3) қайтыс болған адамның жеке басын растайтын құжатты;
4) өкілдің өкілеттігін растайтын құжатты;
Қайтыс болу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулерді енгізуді үшін:
1) осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген нысандағы өтінішті;
2) қайтыс болғанын тіркеу туралы куәлікті, егер куәліктің төлнұсқасы жоғалған болса – қайтыс болған тіркеу анықтамасын;
3) өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу қажеттігін растайтын құжаттарын;
4) уәкілетті органға жүгінген кезде жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынады.
5) бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат немесе салық жеңілдігін беруге негіз болып табылатын құжатты;
6) өкілдің өкілеттігін растайтын құжатты ұсынады.
Уәкілетті органда немесе орталықта азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мәліметтерді, егер тіркеу 2008 жылдан кейін жүргізілген болса, тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ЭЦҚ қолтаңбасы қойылған электронды құжат нысанында алады.