Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Онлайн декларация – жеңіл және жылдам

Электрондық түрде салық есептілігін ұсыну жөніндегі салық міндеттемелерін орындау мақсатындаcabinet.salyk.kz/sonowebinfo салық есептілігін авторизациялау және жөнелту, оның ішінде ҚР Ұлттық куәландырушы орталығынан (бұдан әрі – ҰКО) ЭЦҚ құралдарымен куәландырылған жеке табыс салығы мен мүлік бойынша (230.00 нысаны) декларациялау мүмкіндігі іске асырылды.
ҰКО-нан цифрлық қолтаңбаларды алу үдерісі екі кезеңнен тұратындығын ескертеміз.
  1. Пайдаланушы порталдан онлайн өтінім береді. Пайдаланушының компьютерінде жабық кілттер құрылады, бұдан әрі азаматтың бірегей нөмірмен қалыптастырылған өтінішті басып шығарудың мүмкіндігі бар.
  2. Азамат осы өтінішпен ХҚКО-на барады, ал оның мекенжайын онлайн өтінімді беру үдерісінде таңдайды. ХҚКО-да оператор азаматтың сәйкестендіру рәсімін жүргізеді, және нәтижелер бойынша өтінімдерді растауды жүргізеді (одан кейін сертификаттар шығарылады, және өтінімді беру кезінде көрсетілген электрондық адреске оларды орнатуға сілтеме жіберіледі).
Жаңа үлгідегі жеке куәліктің иелері құжаттың чипіне ЭЦҚ шығару қызметіне ХҚКО жүгінуге болады. Сондай-ақ, еліміздің көптеген ХҚКО электронды қолтаңба жазылған жаңа жеке куәліктерді беру бойынша қызметтерді көрсетеді.
Әрбір азаматтың басты құжатына ЭЦҚ құралдарын орналастырудың артықшылығы – оның көмегімен электрондық қолтаңба қойылатын жабық кілтті көшірудің мүмкіндігін болдырмайтын қауіпсіз сақтау болып табылады.
Жеке куәлік жоғалған жағдайда электрондық қолтаңба пин-кодты (банкілік картамен ұқсас) білмейінше пайдалана алмайды. Бұл ретте ЭЦҚ құралын әрқашан кері қайтаруға өтініш беріп, жарамсыз қылуға болады. Жеке куәліктің чипінде жазылған ЭЦҚ картридердің көмегімен пайдалануға болады.
0
0
393

Осы тақырып бойынша