Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстанда тауарлық белгіні енді интернет арқылы тіркеуге болады

Тауарлық белгіні және тауардың шыққан орнының атауын тіркеу бойынша жаңа қызметтер енді Қазақстанның электрондық үкімет порталында қол жетімді.

Оларды жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ заңды тұлғалар да пайдалана алады. Ол үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның болуы және eGov.kz-те тіркелу қажет.

Қызметті алу үшін «Бизнес» тарауын, «Зияткерлік меншік» санатын таңдау және «Тауарлық белгілер» батырмасын басу қажет. Өтініш толтырылғаннан кейін электрондық нысанға талап етілетін құжаттар қоса тіркеледі және өтінішке ЭЦҚ көмегімен қол қойылады.

Тиісті куәлікті беру туралы хабарлама немесе бас тарту туралы дәлелді жауап Пайдаланушының жеке кабинетіне жөнелтіледі.

Электрондық үкімет порталының қызметті бойынша барлық сұрақтарды 1414 Бірыңғай байланыс орталығыныңоператорларына қоюға болады. Орталық тәулік бойы жұмыс істейді, ал қоңыраулар Қазақстанның барлық аумағы бойынша мүлдем тегін.

0
0
462

Осы тақырып бойынша

Қазақстанда тауарлық белгіні енді интернет арқылы тіркеуге болады - Yvision.kz