Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Геннадий Головкин қарсыласын нокаутқа жiберді

Геннадий Головкин қарсыласын нокаутқа жiберді

Бокстан орта салмақ дәрежесінде WBA (Super) мен IBO бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин австралиялық боксшы Дэниэл Гилді 3-раундта сұлатып салды.

33 жастағы Дэниэл Гилге қарсы кездесу 27 шілдеде Нью-Иорктегі 20 мың орындық Madison Square Garden аренасында өттi. Жекпе-жек HBO телеарнасы арқылы 100-ден астам елiнде көрсетiлдi. Бұл Геннадийдің кәсіпқой бокстағы 30-шы кездесуі. Ал WBA чемпионы титулын 11-ші рет қорғады.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы 30 кездесудің 27-сiн нокаутпен жеңді. Бұның алдында хабарлағанымыздай, Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін қазан немесе қараша айына өткiзудi жоспарлауда.

«Гил өте тамаша боксшы. Осы жекпе-жек үшiн оған ризашылығымды бiлдiремiн. Болашақта мен осы салмақта барлық чемпиондық белдiктердi жеңiп алсам деймiн. Келешекте Мигель Коттомен жұдырықтасқым келедi. Егер ең мықты шоу жасап, керемет жекпе-жек ұйымдастырғыларыңыз келсе, менiң промоутерiме қоңырау шалыңыздар. Мен әрқашанда дайынмын», — дедi Головкин кездесу соңында.

 

АСТАНА. ҚазАқпарат Автор: Жасұлан Жолдыбаев

 
0
0
211

Осы тақырып бойынша

Геннадий Головкин қарсыласын нокаутқа жiберді - Yvision.kz