«Барыс» хоккей клубы Швейцарияда «Давоспен» екі кездесу өткізеді
Астананың «Барыс» хоккей клубы маусымалды дайындығы аясында Швейцарияның «Давос»клубымен екі кездесу өткізеді, деп хабарлады қазақстандық клубтың баспасөз қызметінен.
«Барыс» Швейцариядағы оқу-жаттығу жиыны аясында жергілікті «Давос» командасымен екі жолдастық кездесу өткізеді. Давос» өңірдегі мықты командалардың бірі саналады. Ол елдің бірнеше мәрте чемпионы, Шпенглер кубогының 15 мәрте иегері», - делінген таратылған ақпаратта.
Клуб баспасөзінің ақпаратына қарағанда, бірінші ойын 31 шілде күні Давос қаласында Астана уақыты бойынша 00:00-де, ал екінші ойын 3 тамыз күні Сурси қаласында 20:00-де басталады.
АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Марлан Жиембай

