Мазмұнға өту

Жаңа

Дмитрий Чудинов Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды

Орта салмақта WBA нұсқасы бойынша тұрақты әлем чемпионы белдігінің иегері ресейлік боксшы Дмитрий Чудинов осы салмақтағы WBA (Super) және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шығуға дайын екендігін мәлім етті. Бұл туралы «Чемпионат.com» хабарлады. «Мен Головкиннің соңғы кездесуін көрдім. Шынымды айтсам, Дэниел Гилге көңілім толмады. Менің пікірімше, тұрақты чемпионның суперчемпионмен жұдырықтасқаны жөн. Жұрттың көпшілігі Геннадиймен теке-тіресе алатын қарсылас жоқ дегенді айтады. Өкінішке орай, екеуміздің кездесуіміз туралы келіссөздер ұзаққа созылуда. Ал мен үшін спорт әлеміндегі жұлдызға айналған Геннадий Головкинмен шаршы алаңда шайқасу, үлкен мәртебе», — дейді Дмитрий Чудинов. Еске сала кетсек, ол 9 тамызда француз Мехди Буадлмен кездеседі. Бұл ресейліктің чемпио…

0
0
183

Борис Спасский ФИДЕ сайлауында Илюмжиновтың кандидатурасын қолдайды

Шахматтан әлемнің оныншы чемпионы Борис Спасский Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) президентін сайлауда ұйымның қазіргі басшысы Кирсан Илюмжиновтың кандидатурасын қолдайтынын мәлім етті. Бұл туралы Спасский ИТАР-ТАСС тілшісіне берген сұхбатында айтты. ФИДЕ басшылығының сайлауы 2014 жылдың тамызында Норвегияның Тромсе қаласында бүкіләлемдік шахмат олимпиадасы кезінде өткізіледі. Қазір ұйымның президенттігі орнынан осы қызметті 1995 жылдың қарашасынан бері атқарып келе жатқан Илюмжинов үміткер және шахматтан 13-ші әлем чемпионы Гарри Каспаров та дәмелі. Дауыс беруге ФИДЕ бас ассамблеясының 181 делегаты қатысады. «Мен Халықаралық шахмат федерациясы ұйымының қазіргі басшысы жағындамын. Себебі Илюмжинов Ресейдегі қиындыққа толы жылдары ерлер мен әйелдер арасында осы елдің чемпионаттарын…

0
0
220

«Астана» швециялық «АИК» командасынан айласын асыра алмады

Еуропа Лигасының үшiншi раундында «Астана» швециялық «АИК» командасын қабылдады.

Тартысты өткен матч 1:1 есебiмен аяқталды. Алғашқы таймның басында бiрiншi болып қазақстандық футболшылар гол өткiзiп алған болатын. Тоғызыншы минутта соғылған доптың авторы Набиль Бауи атанды.

Ойынның 44-минутында Таңат Нөсербаев «Астананы» жеңiлiстен аман сақтап қалды. Айта кету керек, жергiлiктi футболшылардың басымдығы өте жоғары болды. Дегенмен, «АИК» қорғаушылары мен қақпашысы өте сауатты ойнады. Келесi матч бiр аптадан соң Стокгольмде болады.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Жасұлан Жолдыбаев
0
0
163

Екінші дүниежүзілік соғыс және қазақтар

Майдандағы Қызыл армия қатарына 120 мыңға жуық қазақстандық аттанды.

Соғыс болып жатқан өңірлерден Қазақстанға 27 әскери оқу орны көшірілді. Онда соғысқа қажетті 16 мың әскери офицер даярланды. 42 мың қазақстандық әскери училищеде оқыды. Қазақстанға әкелінген кәсіпорындар өте қиян жағдайда жұмыс істеді. Жұмысшылар саны 600 мыңға кеміді. Яғни, ерлердің жаппай майданға аттануы себебінен 1942 жылы шаруашылыққа әйелдердің үлесі 75 пайызға жетті. Ұлы Отан соғысында 500-ге жуық қазақ – Кеңес Одағының Батыры атанды. Тылда жұмысшылар ерлік етті, осылай Ұлы жеңіске қазақстандықтар өз үлестерін аямай қоса білді.

0
0
3311

Ағайын. Дания қазақтары жайлы деректі фильм

Шет елдегі қандастарымыз әлемнің әр түкпірінде қазақ деген атауды жоғалтпай, елім деп туған жерге құлақ түріп жүреді. Мұның бір айғағы жыл сайын өтетін құрылтайға жиналған қандастарымыздың белсенділінен байқасақ болады. Назарларыңызға Дания жеріндегі қандастарымыз жайлы фильм.

1
0
440

Заңға енгізілген өзгерістер талқыланды

Қостанай гарнизонының Әскери сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, Қылмыстық іс жүргізу кодексі мен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаларына енгізілген өзгерістерді талқылау»  атты дөңгелек үстел өткізілді.

http://sud.gov.kz/kaz/news/zanga-engizilgen-ozgerister-talkylandy

4
0
460

2014 жылғы 1-7 тамыз аралығында Қазақстанның барлық өңірінде баланы ана сүтімен тамақтандыру ұлттық апталығы өткізіледі

Дүниежүзілік баланы ана сүтімен тамақтандыру апталығы шеңберінде еліміздің барлық өңірінде 2014 жылдың 1-7 тамызы аралығында «Ана сүтімен тамақтандыру: 10 қадам. Балаға тілектестік!» тақырыбында баланы ана сүтімен тамақтандыру ұлттық апталығы өтеді.

http://www.mz.gov.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=1723:2014-zhyl-y-1-7-tamyz-araly-ynda-aza-stanny-barly

0
0
352

Бизнестің дамуына кедергілерді азайту

Ағымдағы жылғы 28 шілдеде Батыс Қазақстан облысы бойынша қаржы полиция департаменті аймақтың Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді. Кездесуге «Ауыл» Қазақстан социал-демократиялық партиясының» Батыс Қазақстан филиалының төрағасы А.Г.Баянов, Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің, Орал қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімінің өкілдері және кәсіпкерлер қатысты. Дөңгелек үстел барысында мемлекеттік қызмет көрсету, жер учаскесіне жеке мүлік құқығын және жерді пайдаланудың уақытша қайтарымды құқық беру, сәулеттік-жоспарлау тапсырмасын беру және жер учаскесін мақсатты қолдануын өзгерту туралы шешімді беру мәселелері талқыланды. Талқылаудың нәти…

0
0
337

Мәдени серуен: Түркі академиясы музейі

«Түркі әлемі әлі толық зерттелмеген терең тұңғиық. Сондықтан түркітілдес халықтардың тарихын, мәдениетін зерттейтін, оқу-ағарту жүйесін үйлестіретін арнайы орталық құру керек. Біздің ұлы бабаларымыз Алтайдан, Ақ теңізге дейінгі Ұлы далада өз билігін жүргізді. Бізге өшпес қаһармандық эпос және мол рухани қазына қалдырды. Тұңғыш рет әлемге өнеге болған ортақ шаңырақ — киіз үйді, темірді, шалбарды, жебені, етікті және үзеңгіні ойлап тапты. Осындай батырлық эпосты дүниеге танытудың кезі келді деп ойлаймын. Ол үшін жалпыға ортақ Түркі академиясын құру қажет». Н.Ә. НазарбаевҚазақстан Республикасының Президенті Мақсатымыз түбі бір түркі халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеп зерделейтін орталықтың музейі жайлы оқырмандарымызға мәлімет бере кету. ҚР Президенті Н.Назарбаев 2009 жылдың 3 қазаны…

1
0
2928

Кәсіпкерлікті қорғау мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы қабылданған үшжақты Меморандум туралы БАҚ үшін ақпарат

Көлік прокуратурасы органдарының басым бағыттарының бірі кәсіпкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау болып табылады.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/ksipkerlikti-korgau-mseleleri-boyynsha-ozara-yntymaktastyk-turaly-kabyldangan-0

0
0
306