Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бизнестің дамуына кедергілерді азайту

Ағымдағы жылғы 28 шілдеде Батыс Қазақстан облысы бойынша қаржы полиция департаменті аймақтың Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Кездесуге «Ауыл» Қазақстан социал-демократиялық партиясының» Батыс Қазақстан филиалының төрағасы А.Г.Баянов, Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің, Орал қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімінің өкілдері және кәсіпкерлер қатысты.

Дөңгелек үстел барысында мемлекеттік қызмет көрсету, жер учаскесіне жеке мүлік құқығын және жерді пайдаланудың уақытша қайтарымды құқық беру, сәулеттік-жоспарлау тапсырмасын беру және жер учаскесін мақсатты қолдануын өзгерту туралы шешімді беру мәселелері талқыланды.

Талқылаудың нәтижесінде жер қатынастары саласында мемлекеттік органдардың рұқсат беру функцияларын қысқарту бойынша, сондай-ақ азаматтар мен кәсіпкерлер үшін жер пайдалану құқығын алу немесе ұзарту тәртібін жеңілдету бойынша ұсыныс енгізу туралы шешім қабылданды.

0
0
327

Осы тақырып бойынша

Бизнестің дамуына кедергілерді азайту - Yvision.kz