Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Астана» швециялық «АИК» командасынан айласын асыра алмады

Еуропа Лигасының үшiншi раундында «Астана» швециялық «АИК» командасын қабылдады.

Тартысты өткен матч 1:1 есебiмен аяқталды. Алғашқы таймның басында бiрiншi болып қазақстандық футболшылар гол өткiзiп алған болатын. Тоғызыншы минутта соғылған доптың авторы Набиль Бауи атанды.

Ойынның 44-минутында Таңат Нөсербаев «Астананы» жеңiлiстен аман сақтап қалды. Айта кету керек, жергiлiктi футболшылардың басымдығы өте жоғары болды. Дегенмен, «АИК» қорғаушылары мен қақпашысы өте сауатты ойнады. Келесi матч бiр аптадан соң Стокгольмде болады.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Жасұлан Жолдыбаев
 
0
0
156

Осы тақырып бойынша

«Астана» швециялық «АИК» командасынан айласын асыра алмады - Yvision.kz